Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы. Ежелгі Қазақстан тарихы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ПӘНІ: Қазақстан тарихы (Жаңа замандағы Қазақстан тарихы. Ежелгі Қазақстан тарихы)
СЫНЫПТАР: 6 мен 8 сынып (біріккен сыныптар)
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Қорытынды қайталау
ӨТІЛУ ФОРМАСЫ: Сыныпаралық сайыс

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Өткен материалдарды қайталап, алған білімдерін бекіту.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырып, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін нақтылау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сыныптағы бөлінген көшбасшылықты арттыруға ықпал ету.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Жаңа замандағы Қазақстан тарихындағы және ежелгі Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихымен байланыстыратын шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы оқушылырдың сыни ойлау дағдылары артады.
Өзара топта жұмыс жасай отырып бөлінген көшбасшылық белгілері айқындалады.
Интербелсенді әдіс - тәсілдерді, қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері, пәнге деген қызығушылықтары артады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС - ТӘСІЛДЕР МЕН ТАПСЫРМАЛАР: «Футбол» ойыны, «Тілек айту» - берілген суреттер бойынша қарсылас топқа сабақтың тақырыбымен байланыстырылған тілек айту, «Синквейн», «Теңеу», «Ранжирлеу», «Пирамида», «Еркін жазба», «Бағалау шкаласы».

Ұйымдастыру
Қызығушы
лықты ояту КӨРМЕ: Алдын ала сынып бөлмесінде ауыл жастарының аудандық футбол жарысынан жеңіп алған кубоктары мен мақтау қағаздарынан
СҰРАҚ - ЖАУАП:
- бүгінгі пәнімізге қатысы жоқ қандай өзгерісті байқадыңдар?
- Бұл көрмені не үшін ұйымдастырды деп ойлайсыңдар?
«ФУТБОЛ» ойынының ережесімен таныстыру

«ТІЛЕК АЙТУ» - әр оқушыға суреттер (жұлдыз, кітап, ұшақ, жанып тұрған шам, таразы, нысана т. б) тарату.

Сайысқа дайындық СҰРАҚ – ЖАУАП:
- Биылғы 2016 жыл Ел тарихында қандай жыл?
- Тәуелсіздігімізді айқындайтын рәміздер қорын атап беріңдер
- 1993 жыл 15 қарашада Тәуелсіздік тарихына қандай оқиға болды?
Ендеше бүгінгі сендердің сайыстағы білімдерің ұлттық валюта – ТЕҢГЕМЕН бағаланады. Әрбір толық, дұрыс орындалған тапсырма үшін 400 теңге, толық емес жұмыс үшін 200 теңге.

«СИНКВЕЙН» құрастыру
*Астана қаласын өздерің оқыған Ежелгі Қазақстан тарихы және Жаңа замандағы Қазақстан тарихымен қалай байланыстыруға болады?

ТЕҢЕУ жасау
Мәтін жазылған үлестірме қағаз таратып, тапсырманы түсіндіру
РАНЖИРЛЕУ
Тақырыптар бойынша сөздер тарату
Тапсырманы түсіндіру

ПИРАМИДА
- Кез келген құрылыс неден басталады? Ендеше құрастыруды содан бастау. - Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен
аяқтауды ескеру (25 үшбұрыштан құрастырылады)

ЕРКІН ЖАЗБА
- 2015 жылы қандай атаулы оқиғалар болды? (Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы)

Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы
"Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп" КММ
Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Касымова Бибигуль Амантаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама