Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жаңалық жаршысы
Тақырыбы: «Жаңалық жаршысы»

Досың түгіл сүйсіндірер қасыңды,
Еске салар жарқ ететін жасынды.
Таңғажайып құбылыстың жаршысы
«Білімділер» порталы да ашылды.

Порталдан жаңашылдық желі өпкендей,
Білім – теңіз, ақ жауынын төккендей,
Ұстаздарды жетелеп асқар шыңға
Қарлығаш қанатымен су сепкендей.

Тамыр жайған бәйтеректей таралып,
Сара ойдың сағымына оранып,
Таланттардың тәжірибесін таратар,
Барлық пәннен жариялайды, ол – анық.

Мұғалімнің шабыттарын қамшылар,
Ізгі істерден себіледі тамшы нәр.
Ұлылыққа ұйытқы болған бұл портал
Көкжиектен арайланған таң шығар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама