Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жәндіктер

- Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлдерден нектар жинауы керек.
- Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер болып табылады.
- Таракан ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқалайды, сонымен қатар таракан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.
- Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.
- Қоңыздардың 400 мың түрі бар.
- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.
- Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.
- Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.
- Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.
- Дәуіт басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.
- Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.
- Шегірткенің қаны ақ болады.
- Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.
- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.

 

 

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама