Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаныңда жүр жақсы адам
Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»
Пәні: Өзін - өзі тану
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларды адамдардың өзара қарым - қатынасындағы ынта - ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.
- оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
- оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: Топтық.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар түрлі - түсті, үнтаспа, карточкалар, ойыншық.
Сабақтың барысы
Сабақтың тақырыбын ойын арқылы таба білуге, мақсатын нақтылы қоюға үйрету.
Ойын: Балалар! Ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар. Фонетика саласы бойынша «Адасқан әріптер» ойыны. Адасқан әріптерді таба отырып, сабақтың тақырыбын ашу керек.

Адасқан әріптерді біріктіре отырып, «Жаныңда жүр жақсы адам» жаңа сабақтың тақырыбын таба білдіңдер.
Сонымен сабағымыздың мақсатын белгілеп алайық. Жаныңда, жүр, жақсы, адам сөздерінің мағынасын ашып алайық.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
«Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен»- деп мұғалім оқушыларды ортаға жинайды. Үнтаспадағы баяу музыка орындалады. Әр бір оқушы сөзін:«Жаныңда жүр жақсы адам» - деп бастап, көрші сыныптасының бойындағы құндылықтарын айтып, бір - біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл күй, зор денсаулық тілейді. Осы ретпен оқушылар әрқайсысы өз тілектерін жалғастыра береді.
Топпен отырғызу рәсімі шарлар арқылы.
Жаңа сабақ
Дәйексөзді талдау «Жақсы болсаң - жақын көп» халық даналығы.
Жақсы, жақын сөздерін аша білу.
Өзін - өзі тану әлеміне шолу
-“Өзін - өзі тану” пәні ұнай ма?
- Пәннен қандай нәрселерді үйрендің?
-“Өзін - өзі тану” пәнінің мақсаты қандай деп ойлайсың?
Әңгімелесу сәті:"Ойланайық, пікірлесейік!" айдары.
Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер?
Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады?
“Әрбір жақсы істің жарасымдылығы жүрекке нұр шашады” дегенді қалай түсінуге болады?
Шығармашылық жұмыс: Берілген тақырыптағы жұмыстар
1. ”Маған қымбат жандар” тақырыбында эссе жазу.
2. Қымбат жандарға арналған бір зат ойластырып, оны сурет арқылы қорғау.
Түйіндеме: Мұғалім «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбы бойынша берілген құндылық туралы ұғымдардың адам өміріндегі маңызы туралы түйіндеме жасайды. Оқушыларға оларды күнделікті қарым - қатынаста пайдалана алу үшін төмендегі қағидаларды есте сақтау керектігіне тоқталады.

Өзін – өзі тану мұғалімі:
Оспанбекова Айжан Жапарқұлқызы
Мойынқұм ауданы Ә. Молдағұлова мектебі

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама