Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жануарлар әлемі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі.
Сабақтың білімділік мақсаты:
• Оқушыларды үштілдікке шақыру, қазақ тілі мен ағылшын тілінде жануар атауларын дұрыс айтып қана қоймай, сөйлем арасында дұрыс қолдана білуге үйрету.
• Дамытушылық мақсаты:
• Оқушының сауатты жазу, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:
• Жануарларды қорғау керектігін түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ қою, әңгімелеу, сұхбат, ойын элементтерін қолдану.
Көрнекілігі: жануар суреттері, плакаттар, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын, қытай.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. Оқушылармен бірге қол ұстасып, сабаққа сәттілік тілеу.

ІІ. Шақыру сатысы. Әріптерден сөздер құрау.
1 - топ қазақша, ЖАНУАР
2 - топ ағылшынша. ANIMAI

ТАҚЫРЫП АШУ.
- Балалар, сендер топ құрадыңдар. Топтарың қалай аталады?
Ендеше, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға мақсат қойғызу. Әркім өзі қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жануарлар туралы видеоролик көрсету.
Бейнетаспадан қандай аңдармен танысқандарын, олар жайлы не айта алатындарын сұрау.
Жұмбақты шеш.
Ол күшті аң.
Ол ақ және қара.
Оның құлағы кішкентай.
Бұл қандай аң?
Бұл -____________.

Ол үлкен.
Ол суда өмір сүреді.
Ол әлемдегі ең үлен жануар.
Бұл қандай жануар.
Бұл - ______________.

Грамматикалық және лексикалық тапсырмалар орындату.
Бақылау жұмыстары. THE CONTROL CARD
Оқыңыз, сөз тауып жазыңыз Write.
а т м ж о л б а р ы с р н к п а в а л ы
к ө к к и т а р н д ы о а н к т а п р ү н
р а п с г ұ ү п і л н ш ү қ а и т б у л к н
_camels________
______________ __________________ __________________ __________________

2. Сын есімдерді жазыңыз. Write.
Үлкен, кішкентай, ұзын, қысқа, күшті.
Керік ____________. Керіктің мойыны________________.
Жолбарыс ___________. Жолбарыстың құйрығы ______________.
Аю _______________. Аюдың құлағы________________________.

ІV. Сергіту сәті.
Видео.
Сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Giraffes necks have long very. Пілдің ба? ұзын тұмсығы
Біздің ең көк үлкен жануар – ғаламшарымыздағы кит.
Do have long they tails?

V. тренажер.
Нетбуктағы тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін тексеру.
VI. рефлексия. Берілген жануарлардың суреттерін тақтаға жапсыру.

Сабақты бекіту, қорыту.
Не білдік?
Не үйрендік?
Үйге тапсырма беру. Бағалау.
Шығарма жазу.
Мәтінге жазбаша сұрақ.
Мәтінді әңгімелеу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама