Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жануарлар дүниесін қорғау
Сабақ тақырыбы: Жануарлар дүниесін қорғау
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерің тексеру тиянақтау. «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.
2. Оқушыны ойланту өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ой сергіту, ой түйін, талдау-жинақтау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:слайд.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Сабаққа дайындықтарын тексеру, бір-біріне жақсы тілектер тілеу.
Жануарлар суреті бойынша топқа бөлу. Топ аты, топ басшысын сайлау.

2. Өтілгенді қайталау.
1. Ой сергіту. 1слайд
Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде жануардың неше түрі бар?
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
Омыртқасыз жануар туралы не білесіз?
Омыртқалы жануар туралы не білесіз?
2. Ой қозғау. 2слайд
Әр топқа жануар топтарын таратып беру, жеке-жеке сипаттама беру, не білетіні
Туралы айтып беру. Топ мүшелерінің пікірі тыңдалады.

3. Артық болмас білгенің 3 слайд
Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинақтау.
4. Мекен ету ортасы 4 слайд
Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.
Ойын: «Жануарды мекен ету ортасына қарай орналастыру»

5. Табиғаттың адам өміріндегі рөлі. 5 слайд
Табиғат - ол өсімдік, ол - жануар, ол - құстар, ол - таза ауа, т. б.
Өсімдік, жануар, құстар, жыртқыш аңдар, бунақденелілердің табиғаттағы рөлі туралы топтарға бөліп беру

6. Білгенге маржан. 6 слайд
Оқулықпен жұмыс
-«Қызыл кітап» туралы не білеміз?
- Қазақстанда «Қызыл кітап»қай жылдары өңделіп шықты?(1977, 1991, 1996ж)
Мақсаты:Саны азайып бара жатқан хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау.
-148-бет Суреттегі белгі нені білдіреді?Өз ойыңды әңгімеле.
Табиғи қорықтар туралы не білеміз?
Қазақстандағы мемлекеттік қорықтарды ата. (суреттері көрсетіледі)

Дәптермен жұмыс.
Қызыл кітап» анықтамасын жазу.
Мемлекеттік қорықтар аттарын жазу.
7. Табиғатты аялайық. 7слайд
1-топ Табиғат туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер.
2-топ Табиғат туралы тыйым сөздер.
3-топ Табиғат туралы өлең, жыр.
4-топ Табиғат дәстүрлері туралы.
5-топ Киелі, қасиетті жануарлар туралы айт.
8. Сауал бізден – жауап сізден. 8 слайд
Тест(сол жерде тексеріп, өзін-өзі бағалау)

9. Ой түйін 9 слайд
Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Ал, біз, болашақ ұрпақ
«Табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз!»
- Бір ағаш кессең, он ағаш ек!
- Судың да сұрауы бар. Суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
- Орман –тоғайды, бақтарды күл-қоқыстан тазалаймыз. Өрттен қорғаймыз.
- Аң-құсты рұқсатсыз атуға тыйым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
- Экологиялық үгіт-насихат жүргіземіз.
10. Оқушыларға бағалау парағы бойынша баға қою.
11. Үйге тапсырма. 10 слайд
147-150 бетті оқып, түсінік айту

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама