Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жапырақ тамырдан нәр алады                                                 Ата-аналар сайысы.
Қайырлы күн! Құрметті ата - аналар, қонақтар!
Бүгін Ерте жас тобы мен I кіші топ ата - аналарының дайындаған «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты ата - аналар сайысына қош келдіңіздер! Сайысқа қатынасушы ата - аналарды ортаға шақырайық Сайыстың мақсаты: Балабақша мен ата - ана арасындағы байланысты нығайту және ата - аналардың өзара қарым - қатынастарын одан әрі арттыру.
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін ат терлетер шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Капитан командасы реттік номерін суыру.
1. «Балапан» командасы.
2. «Алтын дән» командасы.
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

1. Таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер».
Әрбір топ өз өнерлерін ортаға салады.
3. «Сұрақ - жауап».
4. «Шебер қолдар».
Күз мезгіліне байланысты сурет салу.
5. «Ертегілер еліне саяхат».
Ертегі кейіпкерлерін сомдап, әртістік шеберлікті көрсете білу.
6. Тосын сый: «Оркестр» ойыны.
7. «Дәм думан».
Дайындап әкелген тағамның құрамымен таныстыру.

Таныстыру.
1. Топтардың сайысатын күні бүгін,
Сәті түсіп, жеңеді екен кімді кім?
Ең алғашқы сайыс шарты бойынша,
Екі топ таныстырсын бір - бірін.

2.«Өнерлі өрге жүзер».
Біздің топтар өнерпазы бай халық,
Әнші депте биші депте айтайық.
Талаптарың таудай екен бүгінгі
Өнеріңді көрсетсеңдер қайтеді,- дей отырып, біздің сайыскерлерімізді өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.

3. «Сұрақ - жауап».
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығымдылық
Келесі бұл сайыстың жоспарында
Түседі бәйгеге білімділік - деп сайысымыздың «Сұрақ - жауап» кезегін бастайық.

4. «Шебер қолдар». Бұл бөлімде ата - аналар ұжымдық жұмыс жасайды. Майлы бояу, түрлі - түсті қарындаш және ермексаздан күз мезгіліне байланысты суретті бейнелеу.
«Бақшаға келемін» әні. Ересектер тобының бүлдіршіндері

5. «Ертегілер еліне саяхат».
Бұл бөлімде ертегі кейіпкерлерін сомдап, әртістік шеберлікті көрсете білу.

6. Ойын: Психолог: Г. Сембайқызының жетекшілігімен өткізіледі.
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Әділқазылар сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсімі жасалады.
Сайысты Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді. «Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін».

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама