Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)

Мақсаты: Оқушылардың « сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, күн шуағы, қанатты сөздер.

І. Шаттық шеңбері.
- Ал, кәнеки балалар, шаттық шеңберін құрайық!
- Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:
Ой - жүйрік, тіл – шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
- Бәріңнің көңіл күйлерін жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз - жанға қуат» деген осы. Біз бүгінгі сабағымызда осы тақырыпта сахналық көріністер көрсетеміз. Жақсы сөз - жанға қуат демекші бір - бірімізге жақсы сөз айтумен сабағымызды бастайық. (сүйкімдісің, ақылдысың, ең әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың, адал доссың т. б.)

ІІ. Сахналау:
- Күн сәулесі шуақтарында берілген сөздерді пайдаланып, сахналық көріністер көрсетеді.
1. Жақсы сөз - жарым ырыс. «Сыпайы қоян» ертегісін сахналау.
2. Бақытты бол!
3. Жақсылыққа - жақсылық. «Алтын балық» ертегісін сахналау.
4. Құлыным!
5. Көп жаса!

ІІІ. Әңгімелесу.
а/ сұрақ - жауап
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Қуанамыз. Шаттанамыз. Жақсы сөз адамды бақытты етеді.
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Ол сөздер адамның көңі - күйін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

ІҮ. Қорытындылау.
- Жақсы сөз туралы не білдіңдер?
- Жақсы сөз – жарым ырыс.
- Жақсы сөз естісең жаның жадырап сала береді.
- Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды.
- Жылы сөз адамды татуластырады, достастырады.
- Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
ә/ Сондықтан да жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді бір - бірлеріңе жиі айтып жүріңдер.
б/ Ұстаздарға арналған жылы тілектерін айтады.

Ү. Жүректен - жүрекке.
- Жақсы сөздерді іштерінен қайталап, бір - біріне сыйлайды.
- Өлең шумағын айтады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама