Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Ата - анаға мейірімді, туған жерге, айналасындағы заттарға ұқыпты қарауға баулу.
Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, бізге ақылдылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты бізге үйрететін ата - анамыз, ата - бабамыз, ұстаздарымыз.
Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әрекеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болайық.
Гимн:
1 - жүргізуші.
Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болудың сенің еңбек сүйгіштігің. Ата - ана алдында шыншыл бол. Өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол. Балалар адам бойындағы қандай жақсы, жаман қасиеттерді білесіңдер?
- Кәне барлығымыз өз білгенімізді қысылмай ортаға салайық.
Жақсы қасиет

Сәлем беру
Әдепті болу
жаман сөз айтпау
Уәдесінде тұру
Үлкенді сыйлау

Жаман қасиет

Ұрлық жасау
Өтірік айту
Уәдесінде тұрмау
Жаман сөз айту
Еріншектік
Үлкенді сыйламау

2 - жүргізуші:
Балалар әдептілікті өздерің түсінесіңдер. Ойларыңды ортаға салыңдар
1 - Оқушы Әсет
Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен
Үйренеміз жақсы мінез әдеттен
1 - Жүргізуші
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
2 - жүргізуші
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
1 - Жүргізуші
Өтірік айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Шыншыл екен бұл дейміз.
2 - Жүргізуші
Балалар ата - бабаларымыз әдептілік туралы қандай сөздер айтып кеткен?
- Бүйрегіңді таянба!
- Жалғыз ағашты кеспе!
- Үйді айналып жүгірме!
- Табаныңды тартпа!
- Жағыңды таянба!
- Нанды баспа, бір қолмен үзбе!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама