Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жарасымды қарым - қатынас
«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары
10 сынып
Тақырып: Жарасымды қарым - қатынас
Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығы
Қасиеттер: Әдептілік, өз - өзіне сенімді болу, парыз

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
1. Әдептілік, мәдениет туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету.
2. Өз - өзіне сенімді болу жетістікке жетудің бастауы екенін ұғындыру.
3. Өмірдегі ситуацияларды талдау арқылы оқушыларды өз парызын атқаруға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылыардың күнделік, оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру. Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін еске түсіру. Т - тәртіп
Т - тазалық
Т - тыныштық
Т - талап
Т - татулық
2. Тыныштық сәтi. Орманға саяхат (баяу музыкамен «Хрустальная грусть» Алексей Захаренко)

1. Дәйексөз.
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым - қатынасы»
А. Линкольн

Дәйексөзді ұлдарға, содан кейін қыздарға және хормен қайталату.
Оқушылардан дәйексөздің мағынасын ашу, дәптерге жазу.

2. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)
Мұғалім сыйы.
«Кәрі шешей» әңгімесі
3. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
«Үлкендер» мен «Кішілер» берілген ситуация бойынша келіссөз жүргізеді.

Мектеп: Құрық орта мектеп – гимназиясы
Мұғалiм: Даукиев Сайран Еламанұлы
Жарасымды қарым - қатынас. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама