Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жарылыстың эпицентрі

Жарылыстың эпицентрі — жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте. Жер астындағы және су астындағы ядролық-жарылыстың нүктесі гипоцентр деп аталады. Ол жер (су) бетінде де, ауада да, немесе космос кеңістігінде де болуы мүмкін. Жарылыстың эпицентрнен қирау мен зақымдану зоналарының радиустары есептеліп шығарылады, бұлар, жарылыстың басқа параметрлері сияқты, ядролық соққылардың тиімділігіне баға беру, оның зардаптарын жою жөніндегі құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау, сондай-ақ жасақтардың жауынгерлік қабілетін қалпына келтіру жөніндегі шараларды, халықтың және халық шаруашылығы объектілерінің жұмыс режимін белгілеу үшін қызмет етеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама