Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Жарық  түнде жайлауда
Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Жарық түнде жайлауда»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: автор өмірінен терең мағлұмат беру, өлеңді түсініп оқу, өлең мазмұнын ашу, жайлау туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелілік: зеректікке баулу, салт - дәстүрді үйрете отырып салауаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, ой - өрісін кеңейту, тілін дамыту, шығармашылық, танымдық белсенділігін арттыру
Сабақ түрі: аралас сабақ(музыка, бейнелеу өнері)
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, суретті - түсіндірмелі әдіс, ой қозғау, шығармашылық әдіс
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, тірек - сызба, Ә. Тәжібаев cуреті, сөзжұмбақ, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аударту. Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Білімге құштарлық
Ә. Кекілбай. «Тасбақаның шөбі»

Сұрақ - жауап
1. Ә. Кекілбай кім?
2. Жазушы «кісі мінсе кібіртік, бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?
3. Қарабала келе жатып нені көрді?
4. Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?
5. Өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезің көрдің бе?
6. «Шыбын жаны көзіне көріну» дегенді қалай түсінесің?

2. Ойлы бала озар
Мәтінді бөліктерге бөлу. Ат қою.
3. Жүзден жүйрік
Сәйкестендіру

Қандай ырымдар бар? Неге?
Ұртын не тілін тістеп алған болса Ойшыл болады
Адамның оң және сол көзі тартса Сол бала жаманшылыққа ұшырайды
Сәби етпетінен жатса Сол адамның үйіне ашыққан адам келеді.
Баланы сыпырғышпен ұрса Оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Әбділда Тәжібаев. «Жарық түнде жайлауда»

Әбділда Тәжібаев кім?
1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу
2. Өлең мазмұнын түсіндіру
3. Өлеңді іштей, тізбектеп оқыту
4. Сөздік жұмысын жүргізу

4. Сыр сандық
Сөздік жұмысы
Жайлау - жазда жайлайтын, биік таудағы таудағы не шүйгін шөпті жазықтағы мал жайылымы.
Алтыбақан - қазақтың ұлттық ойыны, әткеншек.
Серік - сапарға бірге шығатын не бірге жұмыс істейтін тағдыры ортақ адамдар.
Мекені - қонысы, тұратын жері.
Қотаны - мал түнейтін орын, қора.
Жотаны - биік жер, төбе.
Жазық - кедір - бұдырсыз, жайдақ, теп - тегіс жер.
Тербетіп – тербеліп тұратын, қозғалмалы.
Жаңғыртады - дауыс, үннің күмбірлеп, 2 - ші жерде қайта естілуі
Дірілдетеді - қозғалуы, қимылдауы.
Әлпештеген - бетінен қақпай, мәпелеп өсіру.
Толғау – жырау мен ақынның белгілі бір оқиғаға немесе біреуге арнап төгілтіп айтқан өлеңі, жыры.
Думан – ойын - сауықшыл, қызық, тамаша құмар, сауық - сайран.
Күйсеп – мал жеген жемін қайтадан шайнап бойына сіңіреді.
Жусап – малдың бір мезгіл күйіс қайтарып, тыныстауы, тынығуы.
ІV. Сабақты бекіту
5. Сен білесің бе?
Бүтінді бөлшектеу, бөлшекті бүтіндеу стратегиясы

Табиғат – жарық түн, жазық дала, ай астында
Демалыс – алтыбақан тебу, ән мен өлең тыңдау, толқынды жыр толғау
Құбылыстар – жаңғырық, таудың дірілдеуі
Жайлаудағы қайнап жатқан тіршілік – жусап жатқан жүйрік, күйсеп жатқан қой

Сергіту сәті.
6 - бөлім. Тапқыр болсаң талас жоқ
ж
а
й
л
а
у
Сөзжұмбақ
1)... түнде, жазық дала, жайлауда,
Жалықпаймыз атқанша 2)... сайрауға.
3)..., 5)... астында 4)... тербеліп,
4) Үйренгенбіз толқынды жыр... ға,

7. Үйренгенім көп менің.
Шығармашылық жұмыс.
«Музарт» тобының «Үшқоңыр» өлеңін тыңдау
1 - топ – «Жайлау» көрінісі бойынша сурет салу
2 - топ – «Жайлау» тақырыбына шығарма
3 - топ – «Жайлау» тақырыбына өлең шығару
V. Үйге тапсырма: «Жарық түнде жайлауда». Жатқа айту.
VI. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама