Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы
М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Колдасова Яхшигул Османовна

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушыларды жарықтың толық шағылу құбылысымен таныстыру; ақ жарықтың спектрге жіктелуі және денелердің түстері жөнінде ұғымды қалыптастыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер;

I. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
I. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
III. ДК. Білімді жан – жақты тексеру.
IV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Жарықтың сынуы дегеніміз не?
Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады?
Ортаның сыну көрсеткіші дегеніміз не?
V. ДК. Жаңа материалдарды меңгеру.

I. Жарықтың толық шағылу құбылысы. Оқушылар алдына мәселе қою.
Жарық сәулесі судың шекарасына келіп 50 ̊ бұрышпен түседі. Сәуленің ауадағы сыну көрсеткішін табу керек.

Есептейтін болсақ, sin⁡β= 1, 0185
Бұлай болуы мүмкін емес себебі синус 1 ден үлкен мәнге ие бола алмайды. Мұның мәнісін тәжірибеден іздестіру керек (оптикалық диск бойынша көрсетілім). Сонымен, «су - ауа» шекарасында жарықтың сынуын қарастырайық.
n1>n2, α↑, β ↑; α= α0; β=90 ̊. α>α0 болғанда толық шағылу байқалады.

2. Толық шағылудың шекті бұрышы; α0 - толық шағылудың шекті бұрышы деп аталады.
Сонымен жарықтың толық шағылу құбылысы мына екі жағдайда байқалады:
А) Жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы төмен ортаға өткенде;
B) оптикалық тығызырақ ортаның бетіндегі түсу бұрышы шектік немесе одан үлкен болғанда.

3. Толық шағылу бұрышының практикалық маңызы. Жарықтың толық шағылу бұрышы көптеген оптикалық аспаптарда (перископ, дүрбі), талшықты оптикада (жарық жетек) кеңінен қолданылуда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама