Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Мұғалім: Роза Асылбек
Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Сілтеме: МАН. 79 - 83 бет. Әдістемелік нұсқау
Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды метатаным арқылы анықтауға үйрету, метасананы оқыту жолдары туралы түсініктері қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан сөйлеу, жады, шығармашылық және метасана үдерістерін ескеріп оқытуды үйренеді.
Түйінді идеялар: Жас ерекшелеіктеріне сәйкес оқыту мен метатаныммен анықталады.
Жаттығу тренингі: Сергітуге арналған тесттік жаттығу

Топқа бөлу: Кофе, шай, кола және алма сусыны арқылы 4 топқа бөлінеді.
Әр топта бір бағалаушы анықтауды ұсынамын
Олардың жұмысы – топ идеясын қорғаушылар мен топ жұмысын бағалау.
(жақсы, түсінікті, түсініксіз, керемет)

Кіріспе тапсырма 1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу дегенді қалай түсінесіз?
2. Жас ерекшеліктеріне сай осы уақытқа дейін оқушылардың қандай дағдыларын ескердіңіз?
3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін қалай бөліп
көрсетер едіңіздер?
4. Адам жасының атауларын білесіздер ме?

Есте сақтау: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жады болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді жады бұл жұмыс жадысы, ұзақ мерзімді жады 3 компоненттерден тұрады:
1. Рәсімдік жады
2. Эпизодтық жады
3. Семантикалық жады
Рәсімдік жады адамдардың іс - әрекеттерді қалай орындау қажет екендігін үйренгенін есте сақтайтын «қойма» болса.
Эпизодтық жадыға көзбен көрген, сезім мүшелерімен келген мәліметтерді есте сақтау кіреді.
Семантикалық жадыға келер болсақ, ол адамның естеліктерін, өмірінде орын алған эпизодтары мен оқиғаларын, идеяларын, пікірлерін және жалпы тұжырымдамаларын есте сақтай үшін қолданылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама