Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
«Жас өркен » ертеңгілік бағдарламасы
«Жас өркен - 2012» ертеңгілік бағдарламасы
(Зал кіші мерекеге сай безендірілген)
1. Бейресми түрде Назираның қазақ биі орындалады.
2. Мұғалім: қымбатты біздің қонақтарымыз!
Қадірменді ата – аналар! Осыдан төрт жыл бұрын үлкен тебіреніспен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз міне, бастауышты бітіргелі отыр. Төрт жыл текке өткен жоқ. Білім жолында үлкен белес болды.
Осы жылдар ішінде менде білгенімді үйреттім. Бұларда білмекке құлшынды. Енді бүгін толқитын сәт келді.
Гүлге толы өңірлер,
Балғын жүзбен балауса.
Алып ұшқан көңілдер,
Толқымасын қалайша.
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық.
Қимастықпен, бастауышпен,
Қоштасатын бүлдіршінді
Қарсы алып қол соғайық.
(Әр оқушыға өлең жолдарын арнап ортаға шақыру)

Алдияр. И
Өте жақсы оқиды сабағын,
Әр ісі оның ұқыпты, тиянақты.
Сурет салу, мүсіндеу сүйіктісі
Алдиярым математик болар мықты.

Дарын. Ж
Еңбегі зор Дарынның,
Қызылтудан келеді.
Моп – момақан баланың,
Қардай аппақ жүрегі
Зауқы соқса есептерді
Шемішкедей шағады
Қара да тұр, өскенде ол
Жақсы банкир болады.

Нұрсұлтан А
Кіші қамын ойлаған
Кісі жанын сыйлаған
Өнерімен, ісімен
Нұрсұлтаным, жарқыным!
Бақытты болсын әр күнің.

Ұлжан И
Сыныпта біреу жыласа
Қосылып соған жылайтын
Мереке сайын дәстүр ғып
Бәріне сыйлық сыйлайтын
Сыныптың тағы бір гүлі
Шықсын енді ортаға
Ұлжанды қане қарсы алың
Қошеметтеп, қол соға.

Нұртілеу І
Ынтасы мол, әр нәрсеге әуес ақ
Ынта болса әр ісің оңалмақ
Нұртілеу деген ұлым осы қараңдар
Өмір болса шыға келер жалындап

Нұсауле С
Қорғасындай салмақты
Биазы менің Нұрсаулем
Сөзге сараң, пейілі кең
Нағыз қызы қазақтың

Нұразат Ж
Жалындаған Нұразатым әнші ұлым
Ән айтқанда шабыт билер тұла бойын
Әдебиетпен ән айтуға жаны құмар
Іздеп жүріп оқиды салып күшін

Ілиас А
Ілиас біздің бар ғой
Мінезге сондай бай ғой
Оқылмаса да сабағы апшымайды, саспайды
Жымиып күліп отырар, өзі сондай нар ғой!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама