Жастар тәрбиесі – басты мақсат
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тәрбиешісі Әшімжанова Әсел Садатбекқызы
Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және
бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің жүйесі.»
Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьшардьщ өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.