Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жай бөлшектерді қосу
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларды бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосуға үйретіп, жай бөлшектердің ережелерін пайдалана отырып есептер шығару.
2. Дамытушылық. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жай бөлшектерді қосуда және өрнектерді ықшамдауда қолдана білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Математика» елінің картасы, сөзжұмбақ, сызбалар, үлестірмелі карточкалар, слайд.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы «Математика еліне саяхат».

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен материалды қайталау.
ІІІ. «Математика еліне саяхат».

ІІ. Өткен материалды қайталау.
1. Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысы үлкен?
- Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен.
2. Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
- Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші).
3. Координаталық сәуле бойында сандар қалай кескінделеді?
- Координаталық сәуле бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделеді.

ІІІ. «Математика еліне саяхат».
- Балалар, біз бүгін сабағымызда «Білім еліне» саяхатымызды жалғастырамыз. Бізді «Математика» елінің тұрғындары күтіп отыр. Олар көптеген қызықты деңгейлік есептер, сөзжұмбақтар, ребустар дайындап қойыпты. Ал, Сіздер саяхатқа дайынсыңдар ма? Ондай болса бәріміз көзімізді жұмып, өзімізді үлкен зымыранда отырмыз деп елестетейік.
- Балалар міне «Математика» еліне келіп қалыппыз. Сендерге табыс, сенім, жеңіс тілеймін.

1 - аялдама. Балалар енді «Математика» еліне келген екенбіз «Математика» елін араламаймыз ба. Балалар «Тарихи мәлімет» еліне шамалы аялдап өзімізге қажетті мәліметтерді біліп алғанымыз дұрыс болар. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты жай бөлшектерді қосу туралы шамалы мәлімет алайық:
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда, олардың алымдарын қосып, алым етіп жазады да, бөлімін сол күйінде қалдырады.
Әріптерді пайдаланып, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосуды былай жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама