Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жаз туралы өлеңдер
Сабақтың тақырыбы: Жаз туралы өлеңдер
Сабақтың мақсаты: а) Жаз туралы өлеңдермен таныстыру
Ә) Өлең арқылы ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) Кішіпейілділік, сүйіспеншілік қасиеттерін бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: өлеңдер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау.
- Жаз мезгілі туралы не білесіңдер?
- Жаз мезгілі несімен қызықты?
- Жаз туралы қандай шығармалар білесіңдер?
2. «Жаз» туралы өлеңдермен жұмыс.

Жаз. А. Құнанбаев
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын - тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары - төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.

Жаз келер. Ш. Құдайбердіұлы
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал - кемпір күн шуақтап, көңілі жай боп.
Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.
Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды,
Құдайым берсе - дағы қанша несіп.

Жазғытұрым. Ж. Аймауытов
Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртыпты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналық та күлелік,
Қос басына мінелік.

Жаз. Ы. Алтынсарин
Сәуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.
Жақындар Құдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
3. Өлеңдерді мәнерлеп оқу, талдау.
4. Өлеңнен есімдіктерді тауып жазу.
5. Есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау: біздер, сендер, сіздер, олар.
6. Деңгейлік тапсырмалар.

ІҮ. Бекіту
Инсерт әдісі
Білемін Білдім Білгім келеді

Ү. Үйге тапсырма
1. Қалаған өлеңін жаттау.
2. Жаз туралы әңгіме тауып, оқып келу.
ҮІ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама