Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жазбаша қосу және азайту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№74 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанасбаева З.

Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту. 148 - 149 бет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сандарды баған түрінде жазып, қосуды және азайтуды меңгерту, есептеудің тиімді тәсілдерін қолдануды үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, белсенділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимын,
Математика сабағын.
- Балалар, біз бүгін математика сабағымызда 3 топқа бөлу арқылы өткіземіз. Біз бәріміз сайысты ұнатамыз ба? Ендеше Алға, Самға, Қалма тобы болып 3 топқа бөлінеміз. Сайысымызда қызықты есептер, ойындар, тапсырмалар орындаймыз.

- Бүгінгі, сабағымызға сандар қонаққа келіпті, сол сандар арқылы әркім өз білімін, өзі бағалайды.
2 саны Мен екімін балалар,
Алаңғасар жалқаудың.
Алатыны екілік.
Басын шайқап өкініп.
3 саны Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы,
Шідерлі аттай тұсалып.
Жүр біреулер үш алып.
4 саны Достарым мені төрт дейді.
Беске бірлік жетпейді.
Қуанады анасы.
Төрт алғанда баласы.
5 саны Әр қолыңда бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ,
Екі мен үшті алмаңдар.
Төртке алданып қалмаңдар.
-- Ал, балалар әркім өз білімін, өзі бағалай білсін.

І Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға оқыту.

ІІ Өткен сабақты пысықтау.
(Математикалық диктант жазу)
1. 45 санына көрші санды жаз. ( 44, 46)
2. 50 мен 9 - дың қосындысының мәні нешеге тең. (59)
3. 1сағатта неше минут бар? 60 мин
4. Хорда 8 ұл бар, ал қыз олардан 2 - еуі артық. Хорда неше қыз бар? (10 қыз)
5. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
6. 1 ғасырда неше жыл бар? ( 100 жыл)
7. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағ.)
8. 1 дм неше сантиметр бар? ( 10 см.)
9. Ең ұсақ салмақ бірлігін жаз. (Г)
10. 17 мен 13 сандарының қосындысын жаз. ( 30 )

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
- Отан туралы кім қандай мақал - мәтелдер біледі?
1. Отан отбасынан басталады.
2. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
- Балалар, мектептен гөрі көбіне үйде, отбасында көбірек боласыңдар. Сондықтан бүгінгі сабағымызда өз отбасымызда отырғандай сезімде болып, жанұя мүшелерінің берген тапсырмаларын орындайтын боламыз.
Отбасында кімдер болады?
- Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, сіңлі - қарындастар т. б.

№1 Аталар аманаты.
Үйде атасы бардың (берер батасы бар.)
Аталарымыз осы тапсырманы аманаттап, тапсырды. Аталар аманатын орындау үшін №1 тапсырманы орындауымыз керек.
Кестедегі сандарды оқы. Олардың ондықтары мен бірліктерін ата.
Осы сандарды баған түрінде жазып, қосуды орындаймыз.

№2 Әжелер өнегесі.
Әжім - әжемнің әрі,
Демеңіз оны...., ( кәрі)
Кәрінің.... дәрі. ( cөзі)

Осы сандарды баған түрінде жазып, азайтуды орындаймыз.
6 0
2 6
3 4
№3. Амалдарды орындау.
Әкелер мақтанышы.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.

№5 Есептерді шығар.
Аналар қуанышы.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
- Есеп не туралы екен?
- Нан.
- Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
-- Қандай нан түрлерін білеміз?

Таба нан – 8 --------------------------------- Тоқаш -- 12
Тоқаш – 12, -? (т) артық (п) ------------- Таба нан - 8
Ш: 12 – 8 = 4 --------------------------------- Желінді - 5 - еуі
Ж: 4 тоқаш артық (п) ---------------------- Қалды -? нан
--------------------------------------------------- Ш:(12 - 8)- 5=15
--------------------------------------------------- Ж: 15 нан қалды. 4 15

Сергіту сәті
6 Ағалар тапсырмасы.
Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,
Өзім жаман болсам да,.... (ағам жақсы.)

1. Аулада он тауық, бес қой жайылып жүр. Олардың аяқтары нешеу? (40)
2. Ерсін алдынан санағанда екінші, ал соңынан санағанда төртінші партада отыр. Ерсін отырған қатарда неше парта бар? (5)
3. Көлден ұшты 40 қаз. Қайтып қонды 15 қаз. Қонбады оның нешеуі. Кәне, кім тез шешеді? (25)
7. Әпкелер сенімін ақтау. № 4 тапсырма
Әпкесі киген тонды.... (cіңлісі де киеді.)
Ұзындықтары 1дм 3 см және 1 дм 1 см кесінділер сыз. Олардың ұзындықтарының қосындысын және айырмасын жазып көрсет. Олардың мәндерін тап.
1 дм 3 см +1 дм 1 см= 2 cм
8. Іні, сіңлі - қарындастардың сүйеніші.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.

Шығармашылық тапсырма:
Жердің үшінші жасанды серігі Жер шарын 106 минутта айналып шықты. Осы уақытты сағатпен және минутпен өрнектеп көрсет.
106 - 60=46=1 cағ. 46 мин.

Сабақты қортындылау.
Кеспе қағаздармен жұмыс.
Үйге тапсырма. №4 149 - бет.
Топ ұпайларын санау. Оқшыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
[/hide]

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама