Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жазда (өлең)
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жазда» (өлең)
Мақсаты: жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жеміс – жидек туралы түсінік бере отырып, сөздік қорларын байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, хрестоматия, жемістер, көкөністердің суреті.
Сөздік жұмыс: жаз, көбелек
Билингвалды компонент: жаз - лето, көбелек - бабочка

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Көбелек - ау, көбелек,
Әдемісің керемет.
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, біз қандай жыл мезгілдерін білеміз?
- Ендеше, балалар, бүгін осы жыл мезгілдерінің ішінен жаз мезгіліне тоқталамыз.
- Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Жазда не піседі?
- Жаздың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Қазір мен сендерге ақын Несіпбек Айтовтың «Жаз» өлеңін беремін:
Жазым келді жарқылдап,
Қазым келді қаңқылдап.
Гүлге қонды көбелек,
Қос қанаты қалтылдап.
Сүйіп күннің шапағын,
Тау шешті ақ шапағын.
Күлтеленді қурайлар,
Төгіп бұйра шашағын.
Көкке қызыл - жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Жарлауытты жағаны
Жапырақтар жасырды.

Сұрақ - жауап.
- Өлең ұнады ма?
Релаксация:
- Балалар, көзімізді жұмып тынығайық. Жаз мезгілін көз алдымызға елестетейік: күн ыстық, суға шомылып, денемізді бос ұстап, жағалауға шығып жатырмыз, су сылдыры құлағымызға жағып, күн шуағы денені жылытады, аяғымызды ыстық құм қыздырып барады. Ал енді көзімізді ашсақ та болады.
- Енді, балалар, көзіміз жұмылғанда нені көрдік, қандай әсер алдыңдар?
- Суда шомылғанды ұнатасыңдар ма?
Жазда (өлең). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама