Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жазғытұрым
Тақырыбы: Көктем. Жазғытұрым. Зат есім.
Мақсаты:
1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге үйрету.
2. Зат есім сөздермен таныстыру.
3. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
4. Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
5. Табиғаттың әсемдігін көре білуге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
• Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды;
• Зат есім сөздер туралы мағлұмат алады.
• Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
• Ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады;
• Топпен жұмыс жасауға белсенді қатысады.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ - ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Негізгі дерек көздері және қолданылатын
құрал – жабдықтар: Интербелсенді тақта, смаилик, оқулық, дәптер,
А - 4 қағаздары, семантикалық карта; стикерлер, постер, маркерлер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе
(3 мин). Сыныпты сабаққа ұйымдастыру
(ынтымақтастық атмосфера орнату)
«Бразилия жаңбыры». Тренинг.
2. Оқушыларды топқа бөлу. (Балалар реттік санау бойынша 2 топқа бөлінеді). Топ басшысын сайлау. Оқушыларға әр дұрыс жауап үшін смайликтер берілетінін, сол смайлик санына сәйкес баға қойылатыны, қай топтың жеңімпаз болғаны барлық топ мүшелерінің смайлик санына байланысты екенін ескерту.
Балалар реттік санау бойынша 2 топқа бөлінеді.

1. Қызығушылығын ояту.
Білу.
Мұғалімнің әрекеті.
Сұрақтар қою.
Көктем қай айдан басталады?
Не жылына бастайды?
Не ериді?
Жылғалардан не ағады?
Жылы жақтан не ұшып келеді?
Не жиі жауады?
Жан - жануарларда қандай өзгеріс болады?
Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
Ең бірінші ұшып келетін жыл құсы?
Көктемде адамдар не істейді?

Оқушылардың әрекеті.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады, Өз ойларын айтады.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көктем. Жазғытұрым.

2. Ой қозғау. Түсіну
«Жазғытұрым» сөзіне ассоциация жасату.

3. Мағынаны ашу.
1. Оқулықпен жұмыс жүргізу
Мұғалімнің әрекеті:
І. Жансүгіров жайында қысқаша мәлімет береді
І. Жансүгіров « Жазғытұрым» өлеңімен таныстыру, мәнерлеп оқып беру.

Оқушылардың әрекеті:
а) Балалар өз беттерінше оқиды.
ә) Мазмұнын топта талқылайды.
б) Топтастыру жұмысын жүргізеді.

/Жылы жел соқты, жылғалардан су ақты, қаз келді, ауыл қыстаудан көшеді/

Мұғалімнің әрекеті: Сұрақ қою. Жазғытұрымның қай мезгілге тиесілі? (Көп жағдайда балалар жаз деп жауап береді) Әр топ өз пікірін дәлелдейді./
Семантикалық картаны толтыру арқылы балалардың жазғытұрымның көктем мезгілі екеніне көзі жетеді, өлеңнің мағынасын түсінеді.

Сергіту сәті. (2 мин). Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады.

Ойын: « Бұрын не болған немесе кім болған?» Шарты: Оқушыларға әртүрлі заттардың аты айтылады олар оның алғашқыда не болғанын айтады.

Балапан – жұмыртқа, көйлек – мата, шал - жігіт, білімгер – оқушы, гүл – бүршік, түйе – ботақан, тон – тері, ұн – бидай, балық – уылдырық, мұз – су.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама