Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана. Егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек.
(Я. Барбюс)

Егеменді еліміздің ертеңі болар келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Елбасы халыққа жолдауында ұлттың, мемлекеттің келешегі бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты екенін нақты айта келе, бұл орайда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, сенім артып отырғанын ерекше атап көрсеткен.
«Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», бұл - алты алаштың ардағына айналған Ахмет Байтұрсыновтың сөзі. Сұңғыланың жүрек түкпірінен сурыла шыққан осы бір сөзі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде айтылса да әлі күнге тайға таңба басқандай мәні мен мазмұны сол қалпында.

Өркениет әлеміне нық қадам басқан жеткіншек - мемлекетіміздің жарқын болашағы – бүгінгі бала. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп, сенім артатындықтан, сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек, салмақты талаптың ауыр жүгі білімдендірудің ошағы мектепке, яғни ұстаздар қауымына түсіп отыр.

Мемлекеттің білім саясаты ең алдымен мектептер арқылы жүзеге асатыны айдан анық. Оның ішінде заман талабына сай педагогика, психология теориясын меңгерген, өмір тәжірибесі мол, ізгі, іскер, шығармашыл педагогтардың атқаратын рөлі ерекше.
Мұғалімнің міндеті - рухы мықты, жан дүниесі бай, жан - жақты жетілген,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашыл ойлау қабілетін жетілдіру, өзіне деген сенімін нығайту, өз жолын өзі таңдау, тағдырының егесі болуға ықпал ету.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп - лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
[b]Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы[/b

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама