Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
"Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы»

Энциклопедияда «құндылық» ұғымы «объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық - социологиялық ұғым. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет - ғұрыптар, нормалар мен мән - мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды.» деп түсіндіреді.

Ұлттық құндылықтарды бала жастан бастап бойға сіңіруден білім беру ошақтары да шет қалып отырған жоқ. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында 2005 - 2010 ж. ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талабына сай, отандық білім беруде заманауи жаңа реформалар қолданысқа енуде. Алдыңғы қатарлы елу елге қосылудың алғы шарттарының бірі - ең озық, жақсы қасиеттер жинақталған ұлттық мектеп десек, оны бірден - бір қалыптастыратын орта білім мекемесі екені белгілі.

Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу - тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.

Соның ішінде, балаға ерте бастан, яғни бастауыш сыныптардан - ақ, ұлттық тәрбие берудің маңызы зор екені белгілі. Мұның өзі ең алдымен педагогтың біліктілігі мен тәжірибесін, тақырыптың маңыздылығын түйсіне білуін талап етсе керек. әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән - мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені даусыз.

Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол - халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрініс, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бізге өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру жетіспей жатқаны анық. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал - мәтелдері мен аңыз - әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық. Қазақи дүниетанымның өзегі - адамшылық. Қазақ «Жаным - арымның садағасы», «Дүние - қолдың кірі», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады. Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің гелийлігі, пайғамбары» дейді.

Өкініштісі, халқымыз ұлттық санасы жетілмеген елдерге тән өзін - өзі төмен санап, жұртқа еліктеуден арыла алмай келеді. Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл - мәдениеттердің бір - біріне кірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін - өзі танып - білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі түркілік өркениетпен тең қарым - қатынаста сұхбат жасай алатындай болуы керек. Мектепте бастауыштан бастап бітіргенге дейін бала жан - дүниесінің ұлттық рухта қалыптасуына, ұлттық мәдениет, салт - дәстүрді бойына сіңіруіне баса мән беру керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама