Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Желілік этикет
Сабақтың тақырыбы: Желілік этикет
Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау
2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, жеке, топтық.
Көрнекіліктер: Сөз жұмбақ, компьютер, карточка, интерактивті тақта
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Көптеген іздеу серверлері:
http:\\www. google. com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch. com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www. yahoo. com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www. aport. ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www. yandex. ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www. rambler. ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері:
http:\\www. site. kz — «Весь WWW - Казахстан» — Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://tabu. nursat. kz — TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб - парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://akolya. hypermart. net — қазақ тіліндегі, ақпараттарды, веб - парақтарды
іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама