Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жемістермен көкөністер
Алматы қаласы, №15гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі:
Мелдебекова Г. Р.

1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жемістермен көкөністер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары О. 1. 3. 4. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? Қандай? қанша?) сұрақ қоя білу.
Ж. 1. 4. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/ аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу.

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Жеміс - жидек және көкөніс атауын үйренеді
Көпшілігі: Жемістердің тәтті, ащылылығын ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Жемістердің атауын жаза алады

Жетістік критерийлері
• Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді
• Қарапайым сұрақтар қоя алады
• Жемістер мен көкөністерді салыстыра сипаттай алады және атауларын жаза алады.

Тілдік мақсаттар: Тәтті, қышқыл, тәтті емес, қышқыл емес, шие, кішкентай, үлкен
Осыған дейін меңгерілген білім: Тағам атауларын біледі және ажырата алады.

Сабақтың басы
Қызығушылығын ояту

Берілген суреттер 4 - ке бөлініп, қиылады. Оқушылар қиылған суреттерді таңдап алады және оларды біріктіреді. Құрастырылған сурет бойынша 3 топқа бөлінеді.
Топта оқушылар қандай жемістің суреті екенін анықтайды және сол жеміс туралы білетін мәліметтерін айтады.
1 - топ. лимон
2 - топ. алма
3 - топ алмұрт

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану кезеңі
О. Оқушылар сөздікпен танысады
Жемістер - фрукты
Көкөністер - овощи
Тәтті - сладкий
Қышқыл - кислый
Құлпынай - клубника
Алмұрт - груша
Жүзім - виноград
Сәбіз - морковь
Картоп - картошка
Оқушылар суретке қарап алақанды шапалақтай отырып жеміс атауларын буынға бөліп оқиды

Мысалы: ба - нан а - нар сә - біз
Оқушылар жеміс атауларын дәптерлеріне жазады.
Тапсырма 1
Оқушының «тәтті, қышқыл» сөздерін орынды қолдана білуіне бағытталған. Алдымен оқушыларға лимон мен кәмпит көрсетіледі

Кәмпитті көрсете отырып, «тәтті» деген сөзді бірнеше рет қайталанады. Лимонды бет - әлпеттің мимикасы арқылы көрсетіледі.
Осыдан кейін оқушылардың назарын оқулықтағы жеміс - жидектің суретіне аудартып олардың тәтті не қышқыл екенін айтады.
Оқушылардың алдына суреттер беріледі. Оқулықтағы диалогті пайдаланып бір - бірінің қолындағы жемістің суретіне байланысты сұрақ қойып, жауап беруді үйренеді.
Мысалы: - Алма қышқыл ма?
- Жоқ, алма қышқыл емес. Алма тәтті.
Жетістік критерийлері:
- «тәтті, қышқыл» сөздерін орынды қолдана алса және сұраққа дұрыс жауап берсе, мақсатқа жетеді.

Бағалау:
- Топаралық бағалау жүзеге асады.
- Бірінші топ екінші топты бағалайды және пікірін білдіреді.

Тапсырма 2
Алдымен жемістер мен көкөністер слайдтан көрсетіледі.

Оқушылардың алдына жемістердің суреттері қойылады. Суретті алып салыстыра сипаттайды.
Оқушыларға алдымен сұрақтар қойылады. Мысалы: Кәмпит тәтті ме?/иә/

Оқушылар оқулықтағы үлгі арқылы салыстырып жемістерді сипаттайды және жазады.

Жетістік критерийлері:
Жеміс атауларын жаза алса, қарапайым сұрақтар қоя алса,
3 смайлик жинаса топ мақсатқа жетеді.
Бағалау:
Оқушы жинаған смайлик бойынша өзіне баға береді.

Сабақтың соңы
Рефлексия
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама