Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу
Тақырыбы: Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу

Сабақтың тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб
Сабақтың оқыту мақсаты: масштаб, оның түрлерін білу.
Сабақтың дамыту мақсаты: қашықтықты өлшеуде картадан масштабты пайдалана білу.
Сабақтың оқу жабдығы: оқулық, топогр. Картада, атлас

Сабақтың барысы:
1. Амандасу, түгендеу
2. Оқулық, атлас, дәптер, күнделік, бояу карандаштарын түгендеу.
3. Кезекшіге бүгінгі күнді жазғызу.
4. сабақ барысы:
Өткенді қайталау:
1. Бағдарлау
2. Азимут
3. Азимутталды немесе полярлы съемка /бір нүктеден/
4. Азимут бойынша жүріп отырып бағдарлау
5. 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау

Жаңа сабақ:
Жер бетінде қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен өлшенеді. Қадаммен өлшегенде әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтаған жөн. Оқулықта көз мөлшермен анықтау кестесі көрсетілген.
Масштаб – жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейтілген дәрежесі. Қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб д. а. алымы әрқашан 1 см - ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене түседі. Мәселен, 1: 10 000 масштабы 1: 50 000 масштабқа қарағанда ірі.

Картаның масштабы сөзбен де жазылады 1: 10 000 масштабты сөзбенен 1 см - де 100м. Мұны атаулы масштаб дейді. Мысалды оқыту.
Өзендердің ұзындығын циркуль арқылы өлшейді. Арасын 5мм етіп өлшеп, оның санын 5мм - ге көбейтіп, содан кейін масштабқа көбейтеді.
План – 2 000дейін және одан ірі, топограф. Картада – 1: 10 000 нан 1: 100 000 - ға дейін болады.
Бекіту: 5 тапсырманы орындау
7 тапс. Орындау
Үйге тапсырма 6 тапс. орындау, анықт. мазмұндау

Тапсырмалар
1. Егер 1км - ді адам 15минутте жүрсе, онда ол 1сағатта неше км жүреді?
2) 1см – 1км атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр
(1км - 1000м - 100 000см мыс: 1м - 100см, 10м - 1000см, 100 - 10 000см, 1000м - 100 000см) немесе 1000м *100см =100 000см
3) 1: 80 000 000 сандық масштабты атаулығы айналдыр (1км - 1000м - 100 000см, 80км - 80 000м - 8 000 000, 800км - 800 000м - 80 000 000см)
4). 1см - 1км сызықтық масштабты жаса (23бет)
5). Астана - Қарағанды ара қашықтығын есептеу
6) Масшабты пайдаланып 50метр қашықтықты сыз: М: 1см – 10м
7) Оқушы 500метр қашықтықты ұзындығы 5см кесінді етіп сызды. Бұл тапсырманы орындау үшін ол қандай сандық масштабты қолданды? (50 000см)

Шартты белгілер бойынша тапсырмалар
1. Топографиялық диктант: туристер кесілген орманнан шығып, оңтүстік шығыстағы тас жолмен 300м жүріп, солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай ағып жатқан, ені 5м өзеннен ағаш көпір арқылы өтіп, өзеннің сол жағындағы шалғындықтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен солтүстікке қарай 2км жүріп, орманшының үйінен өтіп, 1км шығысқа жүріп, бұлаққа тоқтайды.

Масштаб: 1см - 500м бойынша туристердің жүрген жолының планың түсір.
2. Туристтер А нүктесінен лагерьге дейін 180гр. азимут бойынша 5 км жүріп, 45гр. азимут бойынша 1, 5 км және 90гр. азимут бойынша 3км жүріп өту керек. Олардың жүрген жолын сызба түрінде сал. М: 1см – 1000м
Профиль - кесінді жасауды үйрену

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама