Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жеті ата. Сөйлем
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы,
№ 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз

Ана тілі 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту және оның тыныс белгілері жайында ұғым қалыптастыру; өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру: «жеті ата» ұғымын түсіндіру; жазу дағдысын жетілдіру; белсенділіктерін аттыру
Оқыту нәтижелері: Сөйлемге тән белгілерді біледі; сөйлемнен соң тиісті тыныс белгілерін қоюды үйренеді; өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға жаттығады; жеті ата туралы біледі; отбасындағы сыйластық қарым - қатынасқа үйренеді; белсенді қатысады
Негізгі дерек көздер: Оқулық, слайд - суреттер, смайликтер, сызба, плакат, маркер, Венн диаграммасы, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Жеке, топтық жұмыстар, сұрақ - жауап, талдау, Венн диаграммасы, «Балық қаңқасы», топтастыру стратегиясы, теңестіру, «Ой қозғау», «Ой толғаныс»
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін өзі тану, бейнелеу өнері

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
4. Ынтымақтастық атмосферасын орнату: өлең оқу.
5. Слайд. «Бауырсақ» ертегісінің желісімен жануарлар арқылы топтарға бөлу: аю, қоян, қасқыр, түлкі.

ІІ. Өткенді пысықтау:
Білу және түсіну 14 мин
1. Қызығушылықты ояту: ертегі қалай басталады?
2. Слайд: «Әжеге бауырсақ пісіруге көмектесу».
Үй тапсырмасы: «Қолғанат»
«Кім зерек?». Сұрақ - жауап арқылы мазмұнын айту:
1 - топ: Әңгімеде кім жайлы айтылған? С. Сейфуллин кім?
2 - топ: Сәкен қандай бала?
3 - топ: Сәкен қарындастарына қандай қамқорлық жасады?
4 - топ: Анасы Сәкенді не үшін мақтан етеді?
5 - топ: Сәкеннен қандай үлгі алдың?
3. Слайд: «Бауырсақты суыту». «Ой тұжырымдау»:
1 - топ: Венн диаграммасы. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстыр.
2 - топ: «Балық қаңқасы». Әліпби туралы не білесіңдер?
3 - топ: «Балық қаңқасы». Буын мен тасымалға тән белгілерді жаз
4 - топ: «Топтастыру стратегиясы». Мәтінге тән белгілерді жаз.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қолдану және талдау:
14 мин
Слайд: «Қоянның тапсырмасы».
1. Жаңа сабақты хабарлау
2. Кіріспе әңгіме. Слайдта сурет бойынша әңгіме жүргізу:
- «Туыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Суретте отбасында кімдер бар?
Мұғалімнің сөзі: Қазақтың салт - дәстүрінде жігіттің үш жұрты болады деп есептейді: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бір атадан тараған, әлі жеті атаға толмаған өз туыстары - өз жұрты деп аталады.
3. Оқулықпен жұмыс. Өлеңмен жұмыс: «Жеті ата»
1) Өлең авторы – Ермек Өтетілеуұлы (1938 - 2006) Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Балаларға арнап өлеңдер жазған. Ол - ақын, жазушы, аудармашы.
- Ақынның қандай өлеңдерін оқыдық?
- «Қазақ әліпбиі», «Нағашы жұрт» өлеңдерін жатқа айт.
2) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
3) Өлеңді 1 шумақтан бірнеше оқушыға тізбектеп оқыту
4. Слайд: «Аюдың тапсырмасы».
1) «Оқу» тобы: Өлең бойынша кестені толтыру:
• Өз жұртың
• Жеті ата

2) «Жазу»: «Ата - ана қандай болады?» топтастыру.
3) «Өнер» тобы: Ата - анаңды табиғаттағы нелерге теңер едің? Суретін салу
4) «Зерттеушілер»: Туысқандар қандай қарым - қатынаста болады?
5. Жеті ата туралы нақыл сөздің мағынасын түсіндіру: «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
Слайд: «Қасқырдың тапсырмасы». «Ой қозғау».
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау:
- Көмектесемін, анама, мен.
- Бізге, айтады, атам, ақылын.
2. Слайд:
1) Сөйлемге тән белгілерді атау, артық ережені табу.
2) Сызба бойынша сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру.

Слайд: «Түлкінің тапсырмасы».
Дәптермен жұмыс. 142 - жаттығу. Адасқан сөйлемдерді тыныс белгісіне қарай өз үйшігіне орналастырып, көшіріп жазу.

ІV. Сабақты қорыту: Жинақтау:
4 мин 1. «Ой толғаныс» стратегиясы:
1 - топ: Әжең, анаң сені қалай еркелетеді?
2 - топ: Ата – аналарың сендерге қандай ақыл айтады?
3 - топ: Ата - анаңнан қандай өнер үйреніп жүрсің?
4 - топ: Ата - анаңа, туысқандарыңа қандай тілек айтқың келеді?
2. Сөйлем туралы не білдік?

V. Бағалау:
1 мин 1. Формативті бағалау
2. Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасыңдар?
VІ. Рефлексия 0, 5 мин
1. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
2. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
3. Қай тапсырма қиын болды?
VІІ. Үйге 0, 5 мин
Өлеңді мәнерлеп оқу, жеті атасын біліп келу. 141 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама