Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жетімді жебеп, қолдаған жан
ШҚО, Аягөз қаласы,
«№5 орта жалпы білім беру мектебі»
Фаткулина П.М.

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: “Жетімді жебеп, қолдаған жан»

Мақсаты: «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер.
Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:
- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді. )
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды. )
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
- Біз бүгінгі сабақта балаларға қамқор жан - Сара Алпысқызы Назарбаева туралы айтамыз және де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

1-жүргізуші : Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

2-жүргізуші : Кейде адам баласының қытымыр қыстан жалығып,шуағы мол көктемді аңсайтыны бар. Көктемдегі күн сәулесі көңіліне күн сыйлайды. Өзіңді сергек сезініп, дүр сілкініп қаласың. Біртүрлі қанат біткендей болады. Неге екені белгісіз,жүзінен нұр төгіліп,иман ескен жақсы адамдарды мен осы көгілдір көктемге ұқсатамын. Жылы сөзін тыңдаған сайын жаның сүйсінеді. Жақсы ісі жігеріңе жігер қосады. Сенің де жүрегінде ізгілік бүр жарып,мейірімділік бағы жайқала бастайды. Үстіміздегі жылдың 12 ақпанда 70жасқа толғалы отырған Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева – осындай жандардың бірі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама