- 27 жел. 2019 00:00
- 344
Жетістікке жетудің жолдары
Әр нәрсені уақытымен жасау-жетістік пен табыстың кілті.Кейбір тұлғалар байлықтың көзін тауып, кәсібін жүргізеді.Ал, өзгелері әрекеттенсе де мақсатын айқындай алмай, шыңнан құлайды.Табысты кәсіпкерлер бойындағы энергиясын жұмсап, сүйікті ісімен тынғылықты айналысады.
Байлыққа бастайтын тәсілдермен таныс болыңыз:
1.Күнделік жүргізіңіз.
Күнделікті өз ойларыңызды қағаз бетіне түртіп қойған сайын құлшынысыңыз одан әрі артады.Мәселен, Франклин Бенджамин әр таңды "Мен бүгін қандай игі іс жасау керекпін?" деп атырса, ұйқыға кетердің алдында "Неңдей жақсылық жасадым" деп өз сауалдарына жауап іздейтін.Ал Стив Джобс айнаның алдында тұрып: "Бұл менің соңғы күнім болса, не істемекпін, немен айналыспақпын?" деп ішкі ойларын қорытындылайтын.Опра Уинфри әр күніне шүкіршілік айтып, күнделікке жеке жоспарларын жазатын.Бұл-табысты тұлға болудың бір баспалдағы.
2.Үзіліс жасаңыз және ұйқыңызды реттеңіз.
Егер кәсібіңізді дамытқыңыз келсе, сегіз сағаттық ұйқыны әдетке айналдырыңыз.Күнделікті үзіліс креативті ойларыңызды дамытып, алға жылжуыңызға септігін тигізеді.
3.Таза ауада 15 минуттық сейіл құру.
Табысты адамдар спортпен шұғылданып, уақытын пайдалы өткеруге тырысады.Чарльз Дарвин кешқұрым бірнеше рет серуен құрса, Бетховен ұзақ уақытын табиғат аясында өткізіп, қаламсабы мен қағазын алып, шабытқа бөленетін.Құнды ойлар адам жаны рахатқа бөленгенде ғана пайда болады.
4.Көбірек оқуды әдетке айналдырыңыз.
Жан дүниеңізді байыту- білім деңгейіңізді көтеріп, табысқа бастайды.Мысалы, танымал миллиардер Дэвид Рубенштейн әр апта сайын алты кітапты оқып тауысатын болған.Ал, Боб Айгер әр күні сағат 4:30- да оянып, бар уақытын рухани баюмен өткізетін.Кітап оқу-жадыңызды қалыпқа келтіреді, қорқынышыңызды жоюға көмектесіп, мақсатқа жетелейді.
5.Өз қызығушылығыңызға қарай орта құрыңыз.
Креативті идеялар өзгелермен қарым-қатынастың арқасында дамиды.Әйгілі ғалымдар Фрэнсис Крик пен Джеймс Уотсон жақын араласып, уақытын бірге өткергенінің арқасында ДНҚ құрылымын ашты.Бұл да жетістіктің кілті.
6.Эксперимент жасаудан қорықпаңыз.
Кейбір тұлғалар өмір сүріндірді деп, қолын бір сілтеп кетіп қалудан танбайды.Сіз әр қателіктен сабақ алып, шыңның биігіне жетесіз.
Томас Эдисон 50000 эксперимент жүргізіп, содан соң ғана аккумулятор элементтерін ойлап тапты.Физикаға сіңірген еңбегі үшін көптеген ойшылдар оның жеке жұмысын патенттеп алған.Эксперимент жүргізу-пайдалы іс.
Әр нәрсенің өз уақыты болатынын ұмытпағаныңыз абзал.Осы кеңестерді орындау арқылы танымал кәсіпкерлердің қатарына енесіз.
Аружан Самидин