Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан
[b]Биология 7 сынып[/b]
Сабақтың тақырыбы: Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан [b](слайдымен)[/b]
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға жыландардың құрылысы туралы түсіндіріп, олардың улы аппараты, уының әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек, жыландырдың маңызы жайлы білімдерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: тест жұмыстары, сұрақ – жауап арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Жорғалаушылардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызымен танысып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - түрі: сұрақ – жауап әдісі, СТО стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, видеопроектор
[b]Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:[/b]
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,
Топқа бөлу

[b] II Үй тапсырмасын сұрау[/b]
[b]1 - тапсырма. Сұрақ – жауап әдісі[/b]
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
2. Жорғалаушылардың қанша түрі бар?
3. Жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек?
4. Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімнен тұрады?
5. Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?
6. Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас бірақ қандай ерекшелігі бар?
7. Жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата.
8. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім?

[b]2 – тапсырма. Тест жұмысы[/b]
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе

4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа, тірілей
ә) уылдырық
б) дернәсіл

ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың жоспары
1. Жыландар
2. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы
3. Жыланның улы аппараты, уының әсері
4. Улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек
5. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы[/b]

1 Жорғалаушылар – тек құрлықта ғана алғаш тіршілік еткен нағыз омыртқалы жануарлардың тұңғыш класы. Бұл класқа жататын жануарлардың аяқтары қысқа немесе аяғы болмағандықтан, бауырын жерге тигізіп, жорғалап немесе ирелеңдеп жүреді, сондықтан класс жорғалаушылар класы деп аталады.
Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000 - ға жуық түрлері бар. Оларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т. б. жатады.
Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (гр. «герпетон» - «жорғалаушылар» + «логия» - ғылым) деп атайды.
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді.
Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама