Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жол белгілері
Тақырыбы: Жол белгілері
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар.
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, сахналау.

Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
- Армысың ардақты аспан ата?!
- Армысың мейірімді жер ана?!
- Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар қадірлі қонақтар!

1. Жүргізуші:
Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін - жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңдар.
Жүргізуші: Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет. Ендеше экранға назар аударайықшы. (көрініс)

Әдемай:
Тратуар жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың жайбасардың баяудың
Машинаның жолы көше ортасы
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
Жүргізуші: Балалар біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе?
Жолдардан қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер еліне барайық.
Көзімізді жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка әуенімен) Ертекші:

Қызыл телпек қыдырып
Әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға
Белгіні еске алмақшы
Жол белгісін білмесе
Әженің үйін таппайды.
«Қызыл телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның жолы сілтер
Бойында бар түрлі көздер
Жасыл жанса дайындал
Қызыл жанса тоқтайсың
Жолда жүрсең байқағайсың
Абай болшы сен үнемі
Жолды кесіп өткенде.
(Қасқыр шығады)

Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.
- Көмектесіңдерші! Қызыл телпек көмектесші!
Қызыл телпек:
- Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы.
Қасқыр:
- Білмеймін.
Қызыл телпек:
- Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын. Тыңда! Белгілер шығады.
Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.

1. Ескерту белгісі (Аружан)
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.

2. Тыйым белгісі: (Айлана)
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым сау мен болам.

3. Көрсеткіш белгісі: (Жанель)
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!

Анықтама белгісі: (Асылай)
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Киртанова Амангүл Сағындыққызы
Жол белгілері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама