Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге тәрбиелеу, тілін, есте сақтау, ойлау қабілетін, қағаздан құрастыру дағдыларын дамыту.

Мотивациялық қозғаушы
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын - қысқа жолдарды
Біліп біздер алайық.
Оңға қарай бір қарап,
Солға қарай бір қарап
Бойымызға күш жинап
Біз демалып алайық.

Күтпеген сәт
Топқа Қонжық пен көжек кіреді.
- Балалар, Қонжық пен Көжек не істеп жүр екен сұрайықшы.
- Біздер көлік жолында велосипед теуіп ойнадық. Сол кезде машинадан қашамыз деп велосипедтің дөңгелегін сындырып алдық.
- Балалар, Көжек пен Қонжықтың жолда ойнағаны дұрыс па?
- Ал енді қайда ойнаулары керек еді?

Балалар, арнайы ойын алаңдарында ойнаулары қажет. Жаяу жүретін адамдар жолдың оң жақ жағымен тротуармен жүрулері керек. Ал егер біз жол ережесін білсек біз аман - есен болар едік. Олай болса, балалар Қонжық пен Көжекпен бірге жол ережесін үйренейік.

- Жол ережесін үйрену үшін бізге тағы не керек?
Бағдаршамның қызметі туралы таныстыру.
- Ал, енді балалар бағдаршамды қағаздан құрастырып үйренейік.

Сергіту сәті «Көлік түрлері»

Тәрбиеші - МАИ қызметкері өзінің атқаратын қызметі туралы мағлұмат береді.

- Балалар, ал біздер қандай бағдаршам, жол ережесіне байланысты тақпақтар білеміз?
Көжек пен Қонжық балалармен бірге жолда жүру ережесін үйренеді, балаларға рахметін айтады.

- Балалар, көліктердің пайдасымен бірге зиянды жақтары да бар екен.
Мысалы: апатты жағдайлардың болуы, ауанын ластануы.

ЖШС «Салтанат - Эль» мектепке дейінгі балалар мекемесі.
Тәрбиешісі: Ақбаева Зита Түгелбайқызы
Жолда жүру ережесін білеміз бе? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама