Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру.
2. Түстер туралы білімдерін іс жүзінде білу дағдылары жетілдіру.
3. Жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, алатаяқ, көше бейнеленген суреттер.
Әдіс - тәсілдері; түсіндіру, сұрақ - жауап.
I Ұйымдастыру:
Жол тәртібін сақтаймыз,
Әдептен біз аспаймыз,
Оң жағымен көшенің,
Жүруді есте ұстаймыз.
Жан жаққа сақ қарап,
Бағдаршамға тоқтаймыз.
II Кіріспе сөз: Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушыларда, үлкендерде, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындау керек. Жолдың қауіпті қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан машинаға жабысуы, Қалтарыстан шыға келуі салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандар түрлі жағдайға тап болды. Сондықтан жолда жүру ережесін мұқият тыңдап оқушылар әр сабақтан қортынды шығару қажет. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жол жүру ережесін бұзбайды.
- Қандай бала ережені бұзбайды?
Үлгілі тәртіпті бала.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атты гүлдей үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Балзия. Қай көшке, қай қалаға, барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі – заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға
- Енді жолда жүру ережесі туралы не білеміз есімізге түсірейік.
III. Жол белгілерімен таныстыру:
1. Ескерту белгісі
Қып – қызыл бұрышты
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт - сапар жолдаған,
Аман - сау жүреді жаяуда, көлікте
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған

2. Тиым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберлер аумақта
Тиымшыл белгімін, қаталмын салмақты!
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан – жаққа.
3. Міндеттеу белгісі
Белгімін көрсетер жылдамды, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті,
Барлығын анықтап тұрамын жолымда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
4. Нұсқау белгісі «көрсеткіш»
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де, от болып жанады,
Көк түске боялған, төрт бұрыш, шырағым
5. Тайғанақ жол
Бұл белгіде тайғанақтап бара жатқан машинаның таңбасы салынады.
Бұл белгі орнатылған жерде де балалардың жолдан байқап өткені дұрыс, себебі машинасы аяғы тайғанап кетуі мүмкін.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама