Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы
Тақырыбы: «ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы»

Үрейлі СПИД деген ғасыр дерті
Айырылған сұлулықтан адам көркі
Масқара! Сұлу Сәкен ұрпақтары
Таланған ар - ожданы, сезім еркі!

Мақсаты: ЖҚТБ жөнінде толық мәліметтер беру. Жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ВИЧ - пен зақымданудың қаупін төмендету. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. ЖҚТБ ауруын қалайша жұқтырмау және одан қалай қорғану жолдарын үйрете отырып, қауіпсіз тәртіпке баулу.
Көрнекіліктері: плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық - кітапшалар, нақыл сөздер.

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі кездесуге жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 9ә - сынып оқушыларының арасында өткелі отырған, ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 9ә - сынып оқушыларының арасында «ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы» тақырыбында кездесу өткізгелі отырмыз. шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:

2 - жүргізуші: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс?
Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

Белгісіз жаңа жұқпалы ауру жөнінде бірінші хабарлар АҚШ басылымдарында 1981 жылдың орта кезеңінде жарық көре бастады. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, жаңа ауру адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп, қорғаныс қабілетінің кемдігіне әкеліп соқтырады, сондықтан жаңа ауру ЖҚТБ деп аталады. 1980 - 1981 жылдың қыс мезгілінде Нью - Иорк университетінің госпиталіне өте сирек кездесетін ауру белгілермен топ адам түсті. Ол жас жамалары 30 жастағы ер адамдар еді. Олардың аурулары өте қиын және тез өтті, көпшілігі бір жыл ішінде қайтыс болып кетті.

1981 жылы Лос - Анжелес қаласында тағы бір белгісіз ауру белгілері бар бір топ адам келіп түсті. Бұл иммун жүйесінің күрт бұзылуынан пайда болатын, өте сирек кездесетін ауру еді. Бұл жолы ауырған адамдар да жас ер адамдар еді, олардың көпшілігі өліп кетті, жасалған емдеу көмегін тигізбеді. 1981 жылдың жазында АҚШ - та осы секілді 116 жағдай тіркелді
Слайд ЖҚТБ – ғасыр обасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама