Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Әдебиет 5 сынып
Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Мақсаты: Ж. Молдағалиев туралы мағлұмат алады. Ар – ұят туралы өлеңнің негізгі идеясын түсінеді. Балалардың ой - өрісінің, сана - сезімдерінің қалыптасуына ықпал етіп, дүниетанымы кеңейеді, білім дәрежесі көтеріледі. Оқушылар адамгершілікке, абыройлы болуға тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже
Түйінді идеялар: Жеке жұмыс жасайды,, бір - бірінің пікірін тыңдайды
Қажетті құралдар: интер тақта, түрлі түсті қағаздар, бағалау стикерлері

Ұйымдастыру
кезеңі 1. Психологиялық дайындық (оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау)

Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл
Үйге берілген тапсырманы сұрау (жаттау)
Білу: Ж. Молдағалиев туралы слайд арқылы автор өміріне шолу жасайды.
Проблемалық сұрақ қойылады
Түсіну: Өлеңді мәнерлеп оқытады. Шығарма бойынша сұрақтар қойылады.
Қолдану: Өлеңнен ар - ұят туралы мақал - мәтелдерді табу:
1) Өлімнен ұят күшті.
2) Қоянды қамыс, батырды намыс өлтіреді.
3) Арымнан жаным садаға.

Талдау (оқулықпен жұмыс)
а) Сөздікпен жұмыс:
ождан – ар, намыс сөздерінің баламасы
зор парыз – үлкен жауапкершілік
ғұмырлы болу - жасы ұзақ болу
құлаққа құю – кішкентайынан айта беру
тулау - бой бермеу
адамдық – адамгершілік
ә) Ар – ұят туралы мақал - мәтелдер сұрайды
б) әріптерден бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді шығару

Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама