Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұбан Молдағалиев. Ар – ұят туралы
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі
Исайн Мейрамгул Сайлауханқызы

Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, 5 - сынып Әдебиет «Атамұра» 2010 ж
Сабақ тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар – ұят туралы»
Жалпы мақсаттар: Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу. Өлеңде айтылған ой - пікірлерді толықтыра отырып, мағынасын ашу. Өлеңнің түйінді ойын айтып, қорытындылау.
Түйінді идеялар: Қазаққа ар - ұят ең жоғары саналады. Ар - ұят - парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші. Арлы, ұятты, намысты адам өз елін, жерін, ұрпағын мәңгі қорғайды.
Оқыту нәтижелері: Өлеңді композициясына орай бөлімдерге бөліп, жоспар жасады.
Өлеңде айтылған ой - пікірлерді өз көзқарастарымен толықтырды.
Тапсырмаларды орындай отырып, өлеңнің мазмұнын түсінді, түйінін анықтады.
Дереккөздер: А4 қағазы, оқулық, постер, маркер, түсіндірмелі сөздіктерстикерлер, интербелсенді тақта.
Кезеңдері: Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс - тәсілдер, уақыты

Қызығушылығын ояту
«Жақсы тілек – жан жылуы»
Адам бойындағы қасиеттерге байланысты топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру
«Өрмекші торы» әдісін түсіндіріп өтеді.

Мағынаны тани білу «Өз жартыңды тап» (ақынның өмірбаяны)
Әр топқа ақынның өмірі мен шығармашылығы жазылған түрлі қағаздар таратады.

«Мақал - сөздің мәйегі» (тақырыпты меңгеру)
Ар – ұят туралы мақалдар айтқызады.

«Ойлан, жұптас, талқыла (ойларын жазғызу, талдау)
Әр топқа өлеңді оқып, мағынасын түсінуге тапсырма береді.
Сергіту сәті «Сәлемдесу» ойыны
Қазір біз сендермен амандасып ойнаймыз. Мен қалай амандасу керектігін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Мен белгі берген кезде тез қимылдап, әртүрлі адаммен амандасуларың керек.
«Мюнстенберг»әдісі (шатысқан әріптер)
Шатысқан әріптерден жаңа сабаққа қатысты сөздерді құрайды.
«Серпілген сауал» (сұраққа - жауап)
Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған қағаздарды балаларға таратады.

Ой толғаныс Постер құру (ар - ұят туралы)
Оқушыларға постер құру жөнінде түсінік береді.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін түсіндіреді.
Қорытынды бағаны өзі қояды.
Үйге тапсырма
«Ар - ұят» өлеңінен бір бөлімін жаттау. Мақалдар жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама