Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Жұбан Молдағалиев шығармаларының жаңашылдығын түсіндіру. Ақынның шығармаларына тоқталу, мәнін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту;
б) дамытушылық: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың теориялық ұғымдарды түсіне білу қабілетін дамыту. Мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелік: Патриоттық сезімін ояту, адамгершілік, имандылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірілмелі, аралас, сұрақ - жауап, тіл құралына талдау, тіл ұстарту, венн - диаграммасын толтыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы флипчарт, компьютер, презентация.

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) 2 оқушы Венн - диаграмманы толтырады (1. Қасым Аманжолов 2. Ә. Тәжібаев )

2) Қалған оқушылар Қ. Аманжолов және Ә. Тәжібаев өмірі мен шығармаларына сәйкес блиц - сұрақтарға жауап береді:
а) Қ. Аманжоловтың қандай өлеңдерімен таныстыңдар?
ә) Өлеңдерінің тақырыбы қандай?
б) Ол қандай оқу орындарын бітірді?
а) Ә. Тәжібаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?
ә) Өлеңдерінің тақырыбы қандай?
б) Ә. Тәжібаевтың туған жерінде қандай теңіз бар?

III. Жаңа сабақты меңгерту
Ой қозғау: Географиялық картадан Батыс Қазақстанды көрсетіңдер. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
1. (Өмірбаяны туралы дерек )

2. Бір оқушы алдын-ала үйге берілген тапсырма, яғни Ж. Молдағалиев өмірінің жылнамалық кезеңдерімен таныстырады
Ақын өмірі (жылнамалық кезеңдер )
1920 ж. 5 қыркүйекте Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.
1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.
1940 - 1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.
1948 - 1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады.
1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.
1950 - 1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.
1984 - 1985 ж.«Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.
1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.
1989 ж. Ақын қайтыс болады.
2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

3. Шығармалары туралы ақын - жазушылардың пікірі:
С. Шаймерденов
«Бұл ақынның шығармаларына мен қашанда құштарлықпен қараймын да, оқысам кұмардан шығатындай боламын да тұрамын».
С. Қирабаев
«Жұбан Молдағалиев лирикасы - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар…»
М. Әлімбаев
«Жұбан өлеңдерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары, бұл ақын әуелден - ақ биік мақсатты, асыл мұратты нысана тұтқан».
В. Савельев
«Джубан Мулдагалиев всегда учился, всегда воевал за свет и на стороне света, всегда нес в своих строках правду людям - как бы ни была горька эта правда и как бы тяжело она ни давалась ему самому.»

4. «Мен қазақпын»- поэмасы туралы оқушыға оқыту
«Мен қазақпын!» поэмасы – халқымыздың сана сезімін оятуға, өз - өзіне құрметпен қарауға, баға жетпес үлес қосты. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупінің нышандары белгі бере бастаған кезде 1963 жылы Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын!» деп жырлады.

5.«Мен қазақпын» поэмасын диктордың айтуында тыңдау.

IY. Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықтағы «Мен қазақпын» поэмасынан берілген үзіндіден әрбір оқушыға тиісті 4 жол таратылады, 1 - 2 оқушы мәнерлеп оқиды.
2. Зерттеу жұмысы «Тіл құралына талдау» (әр оқушы өзіне берілген үзіндіні талдап кестені толтырады)
Көркемдегіш сөздерді анықтау
Оқушылар жұппен жұмыс істей отырып, толтырылған кестені оқып шығады, басқалары жұмыстарын тексеруге тапсырады.
3. Оқушы берілген өлең жолдарын толықтырады:
Мен қазақпын __________, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым _______________.
Жылағанда ___________, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен _______ түрілген.

Y. Сабақты қорыту
Сонымен: Жылнамалық кезеңге қарап жылдарға сәйкес оқиғаларды айтады
1920 ж., 1940 ж., 1940 - 1947 ж., 1948 - 1952 ж., 1949ж., 1950 - 1951 ж., 1984 - 1985 ж., 1986 ж., 1989 ж., 2010 ж

YI. Үй тапсырмасы
1. Ақынның өмірі туралы әңгімелеу.
2. “Мен қазақпын” поэмасынан ұнаған үзіндіні жаттау
YII. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама