Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жүк көлігі
Тақырып: Жүк көлігі

Мақсаты: Түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерімен таныстыра отырып, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын атап айтып беруге үйрету. Көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатыны туралы түсінігін кеңейту. Адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Мотивациялық - қозғаушылық
«Кім қандай көлікпен келді?» ойыны
Ойын шарты: Балаларды шеңбер бойында тұрғызып, допты лақтырып, балабақшаға қандай көлікпен келгендерін сұра
Слайд. «Көліктер»
- Осы көліктерді жүру жолдарына байланысты қалай атауға болады?
- Балалар, жерде жүретін көліктерге не жатады, оларды қалай атайды?
- Суда жүзетін көліктерге не жатады, оларды қалай атайды
- Әуеде ұшатын көліктерге не жатады, оларды қалай атайды?
- Пойыз қандай көлік түріне жатады.
- Балалармен көлік жүргізетін адамдарды туралы әңгіме жүргізу.
- Машинаны кімдер жүргізеді?
- Пойызды кім басқарады?
- Ұшақты кім басқарады?
- Кемені кім басқарады?
Балалар жауабын тыңдап, толықтыру.

Ұйымдастырушы ізденушілік
Балалар назарын үстел үстіндегі нан, сүт, хат, ашық хаттарға, газеттерге аударып, оларды қайда, немен апаруға болатындығын сұрау.
- Кәне, балалар мына заттарды қандай көліктермен апаруға болады? Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанша жетелеуші сұрақтар қоя отырып, мысалы:
- Нан және хаттарды жаңбырдан, желден, қардан сақтау үшін қандай көлік түрімен тасимыз?
Балалармен бірге жүк тасуға арналған көліктерді бөліп алып, түсінік беру.

Жүк тасуға арналған көліктерді екі топқа бөлуге болады, (фургон, цистерна)
- Жүк көліктерінің бір - бірінен айырмашылығы қандай?
- Ұқсастықтары бар ма?
Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.
- Ортақ белгілері не?
- Оларға дөңгелектер не үшін керек?
- Айырмашылықтары қандай?
Балаларды орталыққа бөлу:
«Әдебиет» орталығы: Жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады, өлең жаттау.
Машина
Төрт аяғым дөңгелек,
Адамсыз мен жүрмеймін,
Барлық жерге жеткізіп,
Апарамын жүктерді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама