Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жұлдызды аспан (факультатив сабақ)
Шығыс Қазақстан облысы,
Аққайнар ауылы, Катонқарағай ауданы,
«Чернова орта мектебі» КММ - сі
физика пәні мұғалімі
Жельменова Гульнар Нуркасовна

Тақырып; Жұлдыздар бойынша бағдарлану
Мақсаты; 1. Білімділік: Оқушыларға жұлдыздар бойынша бағдарланудың кейбір
тәсілдерін игерту
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыту, жұлдызды аспан туралы білімдерін кеңейту
3. Тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, білімге құштарлықтарын тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру

2. Өткенді пысықтау:
- Жердің қандай қозғалыстарын білесіңдер?
- «Жұлдызды аспанның» жыл бойы түрі қалай өзгереді?
- Берілген уақыт мезетінде көрінетін шоқжұлдыздарды күні бұрын қалай анықтайды?
- Өздерің жұлдызды аспанды бақылауды неден бастар едіңдер?
- «Кассиопея» шоқжұлдызын аспанның қай бөлігінен көруге болады?
- Көкжиекпен бағдарлану үшін қай жұлдызды таңдар едіңдер?

3. Жаңа сабақ:
- Неге бағдарлануға Темірқазықты таңдап отырсыңдар?
- Егер Темірқазық жұлдызын бұлт торлап тұрса, не істер едіңдер?
- Иә, оның маңындағы басқа жарық жұлдызды не шоқжұлдызды білу керек. Бұл бағдарланудың бір тәсілі.
- Бағдарлану үшін тағы қандай шоқжұлдызды алуға болады? Әрине, «Жетіқарақшы» шоқжұлдызының шөмішінің сабы арқылы бағдарлануға болады. Шөміш сабы көктемде түн ортасында шығысқа бағытталса, жазда – оңтүстікке, күзде — батысқа, қыста — солтүстікке бағытталады.

4. Үшінші бір тәсіл «Сиыршы» шоқжұлдызы түн ортасында оңтүстік нүктесінің үстінен — мамырда, «Аққу»мен «Бүркіт» шоқжұлдыздары — шілдеде,
«Пегас»шаршысы — қыркүйекте көрінеді

5. Жұлдыздар бойынша бағдарлану үшін тек осы аталған жұлдыздар жеткілікті ме?
- Әрине, сендер өздерің жұлдыз картасының көмегімен жарық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың көрінерлік орналасуын, уақытын жазып жүрсеңдер, олар арқылы да бағдарлануға болады.

6. Енді түнгі уақытты «жұлдыздық сағат» бойынша қалай анықтауға болатынына тоқталайық;
а) «Жұлдыздық сағат» моделі бойынша түсіндіру
б) Уақытты анықтау алгоритмі;
1. Жыл басынан бастап айдың датасын ондық үлестермен есептеу керек
Әрбір үшінші күн=0. 1 ай үлесі Мысалы; 3қазан=10. 1
2. Осы санды жұлдыздық сағаттың көрсетуіне қосу
3. Қосындыны 2 - ге көбейту
4. Шыққан көбейтіндіні 55, 3 - тен алу керек
5. Формуласы; Х=55, 3 -[(Д+жұлдыздық сағат көрсетуі )*2]

*Бекіту
1. Есеп; 18 - қазанда жұлдыздық сағат стрелкасы 6 цифрын көрсетті, бұл қай сағатқа сәйкес келеді?
Шешуі; Қазан — 10 - шы ай
18=0, 6
Формуласы бойынша 1.(10, 6+6)*2=32, 2
2. 55, 3 - 32, 2=22, 1
Яғни 22, 1сағат=10сағат 6минутта бақылау жүргізілді.
*Үйге тапсырма «Кестені толтырыңдар»
Күзгі аспанның жарық жұлдыздары мен шоқжұлдыздарын бақылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама