Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұмбақтар әлемі
Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру, шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру, сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: жемістердің, көкөністердің муляждары, суреттер. Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Армысың, қайырымды аспан - ата!
Армысың, мейірімді Жер - ана!
Армысың, шұғылалы Алтын - күнім!
Армысың, балабақша, дос - жараным!
- Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.
Тәрбиеші көрмедегі заттармен таныстырып шығады.
- Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны ойлап, не туралы айтылғандығын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін, ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.
Ойын: " Жыл мезгілін тап"
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Жыл мезгілінің ерекшеліктерін сұрайды.
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады.
Бұл қай кезде болады? ( Көктем)
Күнде ысып,
Жеміс, жидек пісіп,
Ел пішенін орады.
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Ойын: "Жануарларды тап"
Тәрбиеші тақтаға екі суретті іледі. Бірінші суретте орманның, екінші суретте үйдің суреті бейнеленген.
- Балалар, мен жұмбақты жасырамын, оның шешуіндегі шыққан жануардың мекендейтін жерін, қорегін табасыңдар.
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған. (Мысық)
Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Сиыр)
Сергіту сәті "Аю"
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп, теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Ойын: " Төртінші артық "
- Тақтада төрт сурет тұр. Сендер сол суреттерге мұқият қарап, артығын табыңдар.
Балалар төртінші артық суретті табады. Мысалы: алма, өрік, жүзім, сәбіз.
Артығы сәбіз, себебі, ол көкөніске жатады. Ал қалғандары жемістер.
Ойын: " Сипаттама бойынша "
- Жұмбақтың шешуін тапқан қандай қызық, балалар, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екен. Мына қораптың ішінде заттар бар. Сол заттарға қарап, балаларға жұмбақ жасырады. (Балалар жұмбақтың шешуін табады).
Шіркіннің өзіне обал - ақ
Жүреді аяқта домалап. (Доп)
Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама