Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұмыртқаның пайдасы

● Миға пайдасы: Холин дәрумені мидың маңызды құрылыс материалы болып табылады. Күніне 2 тауық жұмыртқасын тұтынғанда, ағза қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін алады. Холиннің жетіспеушілігі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

● Көзге пайдасы: Жұмыртқа лютеиннің көп мөлшерін қамтиды. Бұл зат көздің айқын, әрі өткір көруіне жауапты.

● D Дәрумені: D дәрумені кальцидің жақсы сіңуіне және адамның сүйегі мен тістерін қатайтуға көмектеседі.

● В дәрумендері кешені: Биотин, витамин В12, сондай-ақ қоректік сіңімді протеин шашты және теріні нығайтуға көмектеседі. 

● Арықтауға пайдасы: Американдық ғалымдар төменгі калориялы диетамен, таңертеңгі асқа жұмыртқаны бірге қолдану азуды екі есе жылдамдататындығы жөнінде қорытындыға келді. Мұндай таңғы ас ұзақ мерзімге тоқтықты сақтайды.

● Қатерлі ісік қаупі төмендейді: Миға қажетті холин, сондай-ақ, қатерлі ісік ықтималдығын да азайтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, жеткіншек шақтарында күнделікті тағамға жұмыртқа тұтынғанған әйелдер арасында, 18%-ға сүт безі қатерлі ісігінің даму қауіпі төмендеген.

● Балалы болуды жоспарлаған кезде пайдалы: B дәрумендер тобы, сондай-ақ жыныстық гормондарды қалыптастыруға қатысады. В9 дәрумені – «Фолий қышқылы» аталатын өзге де атауға ие. Оның көмегімен, қызыл қан жасушалары түзіліп, ұрықтың жүйке түтікшесі қалыптасады, баланың кешеуілдеген ақыл-ой психикалық даму қаупін азайтады.

● Қартаю үдерісі баяулайды: Бұл жөнінде Нидерланд ғалымдарының зерттеулері дәлел болады. 35-тен 40 жас аралығындағы 87% әйелдерде пигмент дақтар жоғалып, тері тартылған, ал еркектердегі көз айналасындағы ұсақ сепкілдер айтарлықтай тегістелген.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама