Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
10 сынып
Сабақ тақырыбы: Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Оқу мақсаттары:
Т2. Мән мәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Ж3. Медиа құралдарындағы оқиға мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстырып, әңгіме, мәтін, мақала, эссе жазады.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіндерден үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, оқиға мамұнын қазіргі өмірмен байланыстыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды,
өз пікірін білдіреді және медиа құралдарындағы оқиға мазмұнын әңгімелей алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәнмәтіндерден үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді және негізгі ақпаратты анықтайды.
Оқиға мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстырып, эссе жазады.

Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы
ТТ
«Мамандық» сөзіне постер қорғау.
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
ЖЖ
«Дәрігер» мәтіні бойынша аударма жұмысын жасау.
Мен — дәрігермін. Осы мамандықты жас кезімнен жақсы көремін. Өсіп, дәрігер болсам, жиі ауыратын шешемді емдесем деп армандадым. Алты жыл оқып, дәрігер болдым.

Сабақтың ортасы
IV. Видеоролик ұсыну.
ТТ
«ҰҒКО АҚ мейірбикелерінің қиын да, жауапкершілігі мол мамандығы жайында қысқа метражды фильмі»
Берілген материалды тыңдай отырып, сын есімдерді теріп жазу.
Мейірбике жайлы түсініктерін жазу.

V. «Қабырғадағы рөл» әдісі.
VI. «Пікірлер сызығы»
«Пікірлер сызығы»
Дәрігер болу, адамды емдеу өте қиын екен...
Сабақтың соңы
VII. Эссе жазу.
Дәрігер – жақсы мамандық» тақырыбында эссе жазу.

Эссе жазуға қойылатын талаптар.
Критерийлер
Көлемі 50 - 60 сөз
Өмірмен байланыстыру
Сауаттылығы

VIII. Сабақты қорытындылау.
Қарым – қатынас аймағы немесе маңыздылық аймағы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Нұржау жалпы орта мектебі
Абуталиева Асем Исатаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама