Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
Қарғам менің!
Қарғам менің!
Аласарып барады арман-көгім.
Жалған десе, дүние жалған ба едің?!
Жараланған көңілім дал-дал менің.
Қауырсын ең үзілген қанатымнан,
Жанарымнан шуақ ең таратылған.
Қара басқа орнатып қара тұман,
Қайғым болдың, ойымда дара тұрған.
Күйзел жан, күңірен жан, күнә басып,
Айығар сәтің сенің, сірә, қашық.
Жабығып жарығында бұл жалғанның,
Бір түйір қаным менің жүр адасып...
Мен жүрмін бақыт қуып, даңқ қуып,
Сайраңдаған боламын сауық құрып.
Кінәсі жоқ қарғамды жабықтырып,
Жолай алмай құрыдым танып тұрып...
Қарғам, сені жайым жоқ кем көретін,
Бимағұлым тағдырың сен көретін.
Зат боп неге жүрегім жаралмаған?!
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін...


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама