Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жүрек - қан айналымның негізгі мүшесі
Дүниетану
Тақырыбы: Жүрек - қан айналымның негізгі мүшесі
Мақсаты мен міндеттері: ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1. Білімділік: өз бетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: денсаулыққа көңіл бөлуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: макет адам денесі, суреттер, карточкалар, жүрек макеті.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, сендер не орындадыңдар?
- Қимылдарды не арқылы жасадыңдар?
- Мына суретке қарап не көріп тұрғандарыңды айтыңдаршы?
Бұл қаңқа. Қаңқа - адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше.
1 - бас сүйек, 2 - төс сүйек, 3, 4, 5 - қол сүйектері, 6 - қабырғалар, 7 - омыртқа жотасы, 8 - жамбас сүйек, 9 - жаурын, 10, 1, 12 - аяқ сүйектері.

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жүрек макетін көрсету
Жұдырықтарыңды жұмыңдаршы. Адамның жүрегі жұдырығындай дейді. Жүрек ең маңызды мүше болып табылады? Неліктен? Дәлелде.
Жүрек еті бірде жиырылып, бірде созылып, тынымсыз жұмыс істейді.
Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналымы дейді.
Оқулық бойынша 21 - 22 бет оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті Қазым, қазым қанқылда,
Көлде жүзіп саңқылд.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмайт ас.
Арпа менен бидай шаш.

3. Жаңа білімді бекіту: Жүректі күту ережелері:
* спорттық жаттығулар
* таза ауада серуендеу
*еңбек жүктемесіне мән беру, уақытында демалу, ұйықтау.
Тәжірибе: Өзіңнің қан тамырыңның соғысын есепте, қорытындысын айт. Оны қалай есептеуге болатынын әңгімеле.
Дәптермен жұмыс: жүрек суретін сал, оның мүшелерін белгіле.
Шылым шегу мен ішімдікке үйір болу жүрекке үлкен зиян келтіреді.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
- Жүрек қай тұста орналасқан?
- «Қан айналымына» сипаттама бер.
- Қалай ойлайсың, адамның әр түрлі жағдайында тамырдың соғуы не себептен түрліше болады,
- Адамның жүрегі ауырмау үшін не істеу керек?
- Қан тамырдың соғуын қалай есептеуге болады?
4. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама