Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жүректің құрылысы
Биология пәні мұғалімі А. Ермуканова

ТАҚЫРЫП: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпашалары. Жүрек жұмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпашалар.
МАҚСАТЫ: Адам ағзасының ішкі ортасына сырттай саяхат жүргізе отырып, қан айналымның негізгі мүшесі жүректі таныстыру. Жүректің құрылысын түсіндіре отырып, оның құрылысындағы ерекшеліктерінің мәнін ашу, оқушының логикалық ойлауын дамыту.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Адам ағзасының ішкі ортасына сырттай саяхат жүргізе отырып, қан айналым мүшелерімен танысады.
Жүректің құрылысын түсіндіре отырып, оның құрылысындағы ерекшеліктерінің мәнін ашу арқылы, оқушы логикалық ойланады.
Топта өз міндетін жауапкершілікпен атқаруды сезінеді. Өз бетімен білім алуға дағдыланады.

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: Сұрақ – жауап, топтастыру, білгір болсаң шешіп көр, кілт сөздер.
ТҮЙІНДІ ИДЕИЯ: Соғады күні – түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 2 топқа сурет қиындыларын құрастыру арқылы бөлемін.
Топ мүшелері өз қызметтерін бөліседі (топ басшысы, уақыт белгілеуші, хатшы)
Сабақтың ұраны хормен: «Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар».

Қызығушылық
ты ояту
1. 6 ұяшықты 2 топ кезек таңдап ұпай сандарын иеленеді.
Химия. Қанның құрамында қандай элементтер бар?
Алгебра І және ІІ топқа жататын қан тобындағы адамдар қанша пайыз құрайды? 40 %
Ботаника. Жүрек қан тамырлары жүйесіне пайдалы өсімдік (жүрек жапырақты ерегеш)
Тарих. Өзінің зерттеулерінің нәтижесінде адамда 4 қан тобы болатынын анықтаған ғалым? (1930ж К. Ландштейнер)
География. ЖИТС қоздырғышы ең алдымен қай елдерде табылды? (Алдымен Францияда, кейін АҚШ – та бөлініп алынған және сипатталған)
6. Физика. Су жасуша мембранасы арқылы қанға қалай өтеді? (Эритроцит сыртынан жартылай өткізгіш иілгіш мембранамен қапталған. Мембрана арқылы газдар, су, аниондар, сутек иондары, глюкоза оңай өтеді.
2. Терминдерге анықтама берейік. Гомеостаз, донор, реципиент, гемоглобин, фагоциттер, агглютинация.

Жаңа сабаққа кіріспе
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды (Жүрек)
2. Тарам – тарам бір ғалам,
Айқыш – ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)

Жүрек туралы не білеміз? Омыртқалы жануарлар тақырыбы бойынша өткенді еске түсіру.
Оқушылар ғаламтор бетінен қажетті ақпаратты жинап, сыныпқа таныстырады
Жаңа туған баланың жүрегі дене салмағының 0, 8 %, ересектерде 0, 4 % құрайды.
Жасқа байланысты жүректің соғуы
1 – ші күні – 140/мин
2 - 3 күн – 110/ мин
1 - 4 жұма 140 / мин
2 – 3 ай – 127 / мин
10 ай – 125 / мин
1 жас – 120 / мин
2 жас – 115 / мин
4 жас – 105 / мин
5 жас – 100 / мин
7 жас – 85 / мин
10 жас – 78 / мин
Ересек – 72 / мин

Жасөспірімдік жүрек түрлері.
Митральды пішінді - жүректің сол жақ шегінің тегістеу көрінуі.
Кіші немесе тамшылы жүрек – кеуде қуысының ортасында орналасуы, тамырларда ілініп турған тәрізді. Систолалық көлем аз, жүрек соғысы жиі, қан қысымы төмен, функциялық систолалық шу тән.
Гипертрофиялық жүрек – сол жақ қарынша кеңіген, минуттық көлем артады, жүрек соғу жиілігі төмен, қан қысымы артады.

Қорытындылау
Жүйрік болсаң шешіп көр
Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды? (7200 л)

1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді? (2880 рет)

Үйге тапсырма: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жұмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалар.
№11 зертханалық жұмыс.
Саусақты қатты қысып байлаудың себебінен веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама