Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жұрнақ
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қосымша түрлерімен және оларды ажырату жөнінде білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, білімді болуға баулы.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, сурет, сызба
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, топтастыру, ойын.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Жұмбақтар шешу
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
Жауабы: Қол

Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
Жауабы: Түйенің өркеші

Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
Жауабы: Жер

Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?
Жауабы: Бүркіт

ІІІ. Мағына тану.
Сөздің мағынасын өзгертетін бөлікті жұрнақ деп атаймыз.
Жұрнақ: гер, тық, шы, ші

ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы 1-жаттығу ауызша орындалады.
Алғашқы бекіту жұмысы үшін 3-жаттығу орындалады.

Ү. Өз бетімен жұмыс
Сөздерді сөз құрамына талда. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
Әнші, домбырашы, бастық, сазгер.

ҮІ. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп үлкен боп өседі
ҮІІ. Топтастыру.

ҮІІІ. Қорыту, бағалау.
Өзін өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды.
Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.
Бағалау парағының үлгісі
Оқушының аты-жөні тапсырмалар Ұпай саны бағасы
35ұпай – «5»,
25-34ұпай-«4»,
15-24ұпай – «3».
5-жаттығу орындалады.
ІХ. Үйге тапсырма беру
4-жаттығу, ереже жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама