Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жұрнақ пен жалғау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, салыстыру.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар, сөздер кассасы, ребус.
Сабақтың пән аралық байланысы: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа керекті оқу құралдарын түгендеу. Сабаққа зейіндерін аудару.
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыстың қай айы? Айдың нешесі? Аптаның қай күні?
2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Оқушылармен қол ұстасып тұрып, алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы тілектерін айту. Тілектер айтылып оқушылардың көңілдері жадырайды.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
288 - жаттығу. 104 - бет. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу.(орындалуын тексеру).
1. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру үшін, ребусты шешеміз. Тақтаға 2 оқушы шығарып, ребусты шешкіземін.
1 - ребус: Жұрнақ. 2 - ребус: Жалғау.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жұрнақ пен жалғау».
Тірек сызбамен жұмыс.
Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы.
Қосымша

Жұрнақ
Жалғау

Қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға.
5. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті. Жж әрпі, жұрнақ, жалғау.

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)
6. Оқулықпен жұмыс. 104 - бет. 289 - жаттығу. Жаттығуды оқып, түбірі мен жұрнағын ажырату.
7. Тақтамен жұмыс. Оқушылар бір - бірлеп тақтаға шығып жазады. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазады.
Әнші, батырлық, талапты, жұмыскер.
Түбірі мен жұрнағын белгілеу.
8. Ребусты шешу.
Оқулық. Сөйлем құрау.
1. Сергіту сәті.
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.

2. Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: Топтамаларға жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді ажырату, әр сөзді ұясына орналастыру. Дұрыс тапқан оқушыларды бағалау.
Сөздер: ойыншық, егінші, доптар, жұмысшы, дәптермен, оқушының, зейнеткер, далаға.
11. Сабақты қорыту:
Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабаққа қатысты термин айтылса, қол соғу керек. Қатысы жоқ термин айтылса аяқтарын тарсылдату арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: 291 - жаттығу. Нұсқау беру: Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрау. Ереже жаттау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Тақтадағы бағалау карточкасы бойынша, бағаларын қорыту, күнделіктеріне қою.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама