Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жұрнақ пен жалғау
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.
Міндеттері: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады. Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқытуға тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады. Талдауға жаттығады. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақтың типі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Ресурстар: қима қағаздар, суреттер, стикерлер.
Әдістер: іздендіру, шығармашылық, Вен диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: - Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!

2. Сабақ мақсатымен таныстырылады.
3. Үй тапсырмасы тексеріледі. Ойын: «Жылдам жауап берейік!»
- Қосымшалар нешеге бөлінеді?
- Жұрнақ деген не?
- Жалғау деген не?
«Жалғау» тобы: - 5 жалғаулы сөздер жазады.
«Жұрнақ» тобы:- 5 жұрнақты сөздер жазады.
«Қосымша»тобы:- 5 жұрнағы да, жалғауы да бар сөздер жазады. Әр бала топта жеке орындайды.

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы.
4. Оқулықпен жұмыс. Ойын: « Талдап көр, таңдап көр!»
«Жалғау» тобы: 1 - жаттығу - Өлеңді оқу қарамен жазылған сөздерді теріп жазып сөз құрамына талдау, дәлелдеу.
«Жұрнақ» тобы: 2 - жаттығу - көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазады.
«Қосымша»тобы: 4 - жаттығу - Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді теріп жазып сөз құрамына талдау, дәлелдеу.
5. Сергіту сәті: «Гүлдер» атын атап талдау.
Ойын: « Суретке қарап сөйлеп көр!»
«Жалғау» тобы – сөйлем құрастырады.
«Жұрнақ» тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.
«Қосымша»тобы – сызбамен көрсетеді
6. Ойын: «Кестені толтырып көрелік!» 5 - жаттығу
«Жалғау» тобы: - түбір сөз
«Жұрнақ» тобы: - жұрнақ жалғанған сөз
«Қосымша»тобы:- жалғау жалғанған сөз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама