Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны
Жалпы мақсаты: Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Түсіну: “Құтты білік” кітабының негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау; Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен үндестігін салыстыру.
Қолдану: Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді өздеріне үлгі ету, сыныптан тыс уақытта көрсете білу.
Оқу нәтижесі
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;
2. Дастанның мазмұны мен идеясын анықтай алады;
3. Кейіпкердің іс - әрекетіне баға бере біледі;
4. Ой қорытады;
5. Пікірлерін айтады;
6. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Түйінді идеялар
1. Ақын өміріне шолу және кітаптың мазмұны мен идеясын анықтау
2. Оқушылардың белсенділігін арттыру
3. Өз ойларын еркін айтып, бір - бірінің пікірін тыңдау

І Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1. Сәлемдесу
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады.
3. Есімдері бойынша әліпби ретімен тұрғызып, №1, 2, 3 - топтарға бөлемін.
1. Әр топ өткен тақырып бойынша
3 сұрақтан дайындап, конвертке салады.
2. Конвертті топ аралата жүргізіп, әр топ оқушылары сұрақтарға жауап жазады. Жауап парағының астына әр оқушы өз атын жазып қояды.
3. Соңында әр топ өздері қойған сұрақтың жауаптарын жинақтап, дұрыс жауапты оқиды. Оқушының есімі құпия сақталады.
Оқушылар «құт» сөзінің мағынасы жайында миға шабуыл жасап, өз ойларын интербелсенді тақтаға жазады.

Жарқайың ауданының
«Білім бөлімінің жанында интернаты бар
А. Үкібаев атындағы орта мектебі» ММ
Өткізген: Сеилова Кызгалдак Абилкаировна
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастаны. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама