Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл
Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Ойнамай жағасында құрақпенен,
Жалығып әзер аққан бұлақ көрем
Мал өрістен қайтканда кешке қарай,
Жамыраған қозы мен лақ көрем.
Қырық түтін шығады қырық тамнан,
Қырық торғай ұшады шыбық, талдан
Қырық әже күзетіп отырады,
Қырық ұлдың орынын суып қалған.
Қыр басына қырық шал жиналады
Бір-біріне тартуы сый қабағы
Бір-біріне отырар басу айтып,
Қайтесің,- деп тәңірдің қимағанын
Тауларым да тұрады қалқан болып,
Соны көріп қалады арқам кеңіп
Өлі ұйқыдан осылай оянамын,
Оянамын, көңілім талқан болып.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама